AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұб...

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Тұлға Бүгін 18:02 20 Дина
Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Бүгін, 29 сәуір – қазақ кәсіби музыкасының қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға, композитор, дирижер, ғалым, академик Ахмет Жұбанов дүниеге келген күн. Биыл тұлғаның туғанына - 120 жыл. Ол қазақтың қара домбырасын үлкен сахнаға шығарып, халық әуенін кәсіби өнер деңгейіне көтерді. Ұлттық оркестрдің негізін қалап, музыкалық білім беру жүйесін қалыптастырған қайраткердің өмір жолында көпшілік біле бермейтін қызықты деректер аз емес. Аqshamnews.kz тілшісі материалда тарқатады.

Ахмет Жұбанов бала күнінен күй мен әнге жақын өсті

Ахмет Жұбановтың өнерге келуі кездейсоқ емес. Ол бала кезінен халық әндері мен күйлерін естіп өсті. Әкесі Қуан ауыз әдебиетін жақсы білген, дәстүрлі күйлерді орындаған жан болған. Болашақ композитор ауылдағы музыкалық ортадан сусындап, ұлттық әуеннің табиғатын ерте таныды.

Ол домбырамен қатар скрипканы да меңгерген

Көпшілік Ахмет Жұбановты домбыра, оркестр және қазақ музыкасын зерттеумен байланыстырады. Алайда ол жас кезінде домбырамен бірге скрипка аспабында ойнауды да меңгерген. Кейін Ленинградтағы М.И.Глинка атындағы техникумда скрипка сыныбы бойынша білім алып, кәсіби музыканың тереңіне бойлады.

Қазақ музыкасын ғылыми тұрғыда зерттеуді ерте бастады

Ахмет Жұбанов 1930 жылы Ленинградтағы «Рабочий и театр» журналында мақала жариялаған кезден бастап өмірінің соңына дейін қазақ музыкасының тарихы мен теориясын зерттеумен айналысты. Ол тек композитор емес, қазақ музыкасын ғылыми жүйеге түсірген алғашқы ірі зерттеушілердің бірі болды.

Тұңғыш қазақ ұлттық оркестрін 11 адамнан құрды

1934 жылы Ахмет Жұбанов 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды. Кейін бұл ұжым қазақ өнерінің үлкен ордасына айналды. Жұбанов оның тұңғыш дирижері ретінде халық композиторларының шығармаларын оркестрге лайықтап, нотаға түсірді.

Домбыраның мүмкіндігін кеңейтуге атсалысты

Ахмет Жұбанов дәстүрлі қазақ аспаптарының сахналық және кәсіби мүмкіндігін арттыруға ерекше көңіл бөлді. Ол домбыраны жаңғырту, дыбыс ауқымын кеңейту, оны күрделі шығармаларды орындауға бейімдеу ісіне үлес қосты. Осылайша, қара домбыра үлкен оркестрдің басты үніне айналды.

«Қыз Жібек» операсының дүниеге келуіне атсалысқан тұлға

Қазақ опера өнерінің тарихында «Қыз Жібек» ерекше орын алады. Материалдардың бірінде Ахмет Жұбановтың Евгений Брусиловскиймен бірлесіп, алғашқы қазақ операсы саналатын «Қыз Жібектің» жарық көруіне қатысы болғаны айтылады. Бұл шығарма ұлттық опера өнерінің жаңа парағын ашты.

Жұбанов қазақ музыка білімінің негізін қалаушылардың бірі болды

Ахмет Жұбанов тек шығарма жазып қана қойған жоқ, тұтас музыкалық білім беру жүйесінің қалыптасуына еңбек сіңірді. Ол Алматы музыкалық драма училищесінде ұстаздық етті, кейін Алматы консерваториясының ректоры болды. Сондай-ақ өзі ашқан халық аспаптары кафедрасын басқарды.

10 мыңға жуық ән-күй нұсқасын жинауға мұрындық болды

Ахмет Жұбановтың бастамасымен ұйымдастырылған ғылыми экспедициялар Қазақстанның түкпір-түкпірінен халық әндері мен күйлерін жинады. Бұл жұмыс сексенінші жылдарға дейін жалғасып, 10 мыңдай ән-күй нұсқасы хатқа түсті. Осы еңбектің арқасында ұмыт болуға айналған талай мұра сақталып қалды.

Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет мұрасын зерттеді

Ахмет Жұбанов қазақтың ұлы күйшілері Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Тәттімбет, Қазанғап туралы ғылыми-зерттеу еңбектер жазды. Ол халық композиторларының өмір деректерін жинап, шығармаларын нотаға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізуге зор үлес қосты.

Оның есімі Алматы мен Ақтөбеде мәңгілікке қалды

Ұлт өнеріне сіңірген еңбегі үшін Ахмет Жұбановтың есімі ел жадында сақталды. Алматыдағы көшелердің біріне, Республикалық музыкалық мектеп-интернатқа, Ақтөбедегі музыка колледжіне және бірқатар көшелерге оның аты берілген. Сондай-ақ өзі тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылған.

Саз өнерінің сардарынан қалған аманат

Ахмет Жұбанов – қазақ музыкасын ауыл сахнасынан академиялық деңгейге көтерген ұлы тұлға. Ол халық мұрасын жинады, зерттеді, нотаға түсірді, оркестрге лайықтады, кәсіби білім жүйесін қалыптастырды. Оның еңбегі арқылы қазақтың әні мен күйі жаңа кеңістікке шықты.

Сондықтан Ахмет Жұбанов есімі қазақ музыкасының тарихында композитор ретінде ғана емес, ұлт руханиятының шырақшысы ретінде қалды. Оның өмір жолы – ұлттық өнерге адалдықтың, білім мен еңбектің, елдік мұратқа қызмет етудің жарқын үлгісі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Бүгін 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Бүгін 18:27

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Бүгін 17:47

Алматыда әкелер форумы өтті

Бүгін 17:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика