конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Саяси бәсекенің жаңа сипаты

Саяси бәсекенің жаңа сипаты

Құрылтай Бүгін 17:30 63
Саяси бәсекенің жаңа сипаты
Сурет: ҚР ОСК

Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үгіт-насихат қыза түсті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Партиялар өз бағдарламаларын таныстырып, сайлаушылармен түрлі форматта байланыс орнатуға ұмтылуда. «Қазақстан» және «7 арна» телеарналарында өткен алғашқы екі дебат та осы үдерістің маңызды бөлігіне айналды. Жалпы алғанда, қазіргі науқаннан саяси бәсекенің біртіндеп мазмұндық сипат алып келе жатқанын байқауға болады. Ең бастысы, сайлаушы үшін ақпарат пен салыстыру мүмкіндігі көбейіп отыр.

Саясаттанушылардың пікірінше, биылғы Құрылтай сайлауы өзіндік ерекшеліктерге ие. Бірқатар сарапшылардың пікірін бір арнаға тоғыстырғанда кезекті сайлау науқанының басты ерекшеліктерін былай жіктеуге болады:

Ең алдымен саяси партиялар теледебат сынды классикалық тәсілдермен қатар әлеуметтік желі арқылыда электратпен байланыс орнатуға басымдық беруде. Алдынғы өткен теледебаттардың нақты бір тақырыпты негіз етуі сайлаушылардың талдау жасап, өз таңдауын бекітуіне оң ықпал етті.

Екіншіден, саяси партиялар елдегі жастардың ықпалымен көбірек санасып отыр. Оны партиялар ұсынған кандидаттардың орташа жас мөлшерінен және бағдарламаларында жастар мәселесіне кеңінен орын беруінен де көруге болады.

Тағы бір ерекшелік ретінде саясаттанушылар сайлаушылардың бұрынғыдай емес, нақты сұрақтардың жауабын іздейтінінде деп санайды. Айталық, қандай да бір саяси партияның ұсынған бағдарламларында өзінің жеке мүддесіне қатысты проблемаларға орын берілген бе немесе нақты әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған ба деген сауалды тікелей қойып отыр.

Сайлау науқаны қарсаңында отандық сарапшылар елдегі саяси көңіл-күй мен үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесін салыстыра бағалап отыр. Айталық, бүгінде Алматы қаласында көптеген саясаттанушылар мен сарапшылардың басын қосып, сайлау үдерісінің жайын талқылап отыр. Онлайн форматта әр өңірдің сарапшылары да қосылған кең алаңда қазіргі саяси доданың табиғаты жан-жақты талқыланды.

Бұған қоса, баршаға белгілі бір жағдай – қазір сайлаушылар аудиториясының ақпарат алу мүмкіндігі кеңи түскен. Тіпті жастар арасында партиялардың әлеуметтік желімен, заманауи байланыс платформаларын қаншалық тиімді пайдалануымен де партиялардың аяқ алысын бағалайтын болған. Осыған қарап отырып Қазақстандағы алғашқы Құрылтай сайлауы болашақтағы саяси үдерістерге терең ықпал етуі мүмкін деп болжауға болады. Мұнда сайлаушылар мен саяси партиялар үшін де үлкен тарихи сабақтар алуға болатынын баса айтқан жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылтай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% құрады

Бүгін 18:41

Алматының құрметті азаматы Асылы Осман II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Бүгін 18:02

Алматыда QAZAQ med travel медициналық туризмінің жобалық кеңсесі ашылды

Бүгін 17:56

Құрылтай - 2026: «Заң мен тәртіп» тақырыбына теледебат өтті

Бүгін 17:51

Дауыс беруге екі апта қалды: Қазақстандағы сайлауалды науқан қалай өтіп жатыр

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);