Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Саясатта 17%, ғылымда 51%, кәсіпкерлікте 48%: Қаза...

Саясатта 17%, ғылымда 51%, кәсіпкерлікте 48%: Қазақстандағы әйелдер үлесі қанша?

Әлеумет 06.03.2026, 18:17 364
Саясатта 17%, ғылымда 51%, кәсіпкерлікте 48%: Қазақстандағы әйелдер үлесі қанша?
Сурет: Жасанды интеллект, Aqshamnews.kz

Қазақстандағы әйелдер қоғамның әр саласында белсенділік танытып, ел дамуына сүбелі үлес қосып келеді. 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, Aqshamnews.kz тілшісі елдегі әйелдер үлесін зерттеп, нақты деректер мен статистикалық деректерді ұсынады.

Әйелдердің саяси белсенділігі

Қазақстанда әйелдердің саяси ықпалы әлі де шектеулі. Сенаттағы әйелдердің үлесі 20%, ал Мәжілістегі 98 депутаттың 17-сі – әйел, бұл жалпы депутаттардың 17,3%-ын құрайды. Үкімет құрамында 25 министрдің тек үшеуі әйел, бір агенттік басшысы қосылғанда төртеу болады. Жоғары стратегиялық лауазымдарда әйелдер сирек кездеседі: облыстар мен мегаполис қалаларды ер адамдар басқарады. Жалғыз жағымды факт – Конституциялық сотты әйел басқарып отыр.

Мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау саласындағы әйелдер

Жұмыспен қамтылған әйелдердің үлесі шамамен 48%, мемлекеттік қызметшілердің 55%-дан астамы – әйелдер, бірақ басшылық лауазымдардағы үлесі 39% шамасында. Қиындығы мен сын-қатері қатар жүретін жауапты қызметтерде әйелдер аз емес: судьялардың жартысынан көбі – әйелдер, ал Төтенше жағдайлар, прокуратура, Ішкі істер, қорғаныс және арнаулы қызмет саласында 45 мыңнан астам әйел еңбек етуде. Олар Отан алдындағы парызын адал орындап, заң мен тәртіптің орнығуына елеулі үлес қосып отыр.

Ғылым және білім саласында әйелдердің үлесі

Қазақстанда магистр, PhD докторы, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесіне ие 120 896 маман бар, олардың 51,6%-ы – әйелдер. Жоғары білім беру жүйесінде профессор-оқытушылар құрамындағы әйелдердің үлесі 65,7% құрайды. Ғылыми қызметкерлердің 56%-ы – әйелдер. Бұл көрсеткіштер елдегі ғылым-білім саласында әйелдердің кәсіби деңгейі мен белсенділігін айқын көрсетеді.

Кәсіпкерлікте әйелдер белсенділігі

2025 жылғы ресми статистика бойынша, шағын және орта бизнес субъектілерінің 48,1%-ын әйелдер басқарады, жеке кәсіпкерлер арасында – 50,8%. Бұл Қазақстандағы кәсіпкерлік ортаның дамуына әйелдердің жүйе құраушы рөлін дәлелдейді.

Қазақстандағы әйелдер ел дамуына әр салада белсенді үлес қосуда. Дегенмен, саяси шешім қабылдау деңгейінде, стратегиялық салаларда және жоғары лауазымдарда олардың қатысуы әлі де шектеулі болып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әйелдер #үлес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада республикалық веложарыс өтті

Кеше 18:18

Павлодарлық «Ertis» әйелдер арасындағы Ұлттық баскетбол лигасының жартылай финалына жолдама алды.

Кеше 18:15

Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтингінде 7-орынға шықты

Кеше 18:12

Қамзол қайда, Ақбоз ат?

Кеше 17:59

Енді пәтерге тіркеуге шектеу енгізілуі мүмкін

Кеше 17:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика