AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Сәуле Омарова АҚШ банктерін бақылаушы алғашқы әйе...

Сәуле Омарова АҚШ банктерін бақылаушы алғашқы әйел болуы мүмкін

Мұны білген жөн 24.09.2021, 04:39 4,109
Сәуле Омарова АҚШ банктерін  бақылаушы алғашқы әйел болуы мүмкін
Сурет: Тwitter.com

Бұдан бұрын қазақ қызының Америка қаржысын басқаруы мүмкін екенін жазғанбыз.


Қазақстан тумасы, Корнель университетінің банк құқығы профессоры  Сәуле Омарованы АҚШ Президенті Джо Байден АҚШ-тағы банк секторының негізі реттеуіші - Ақша айналымын бақылау басқармасының басшысы (Office of the Comptroller of the Currency, OCC) етіп тағайындамақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл туралы жазған Bloomberg ақпарат агенттігінің мәліметіне қарағанда, Омарованың ресми кандидатурасы осы аптада ұсынылуы мүмкін. Егер ол осы қызметке бекітілсе, 1863 жылы негізі қаланған банк реттеуішін басқаратын алғашқы әйел болмақ.


OCC - АҚШ Қаржы министрлігінің тәуелсіз бөлімшесі. Реттеуші 1200 триллион долларлық активтері бар 14 банкті бақылайды, бұл АҚШ-тың банк жүйесінің барлық активтерінің үштен екісін құрайды.


Сәуле Омарова – Қазақстанның тумасы, қаржы секторын реттеуге және қаржы мен экономикаға мамандандырылған заң профессоры және Нью-Йорк адвокаттар алқасының мүшесі.


1989 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін, 1999 жылы Wisconsin университетін бітіріп, 2001 жылы Northwestern университетінің заң факультетінде заң ғылымдарының докторы атанған. Қазір Корнелл университетінің профессоры.


Ол Джордж Буштың жанындағы АҚШ Қаржы министрлігіндегі реттеуші саясат жөніндегі арнайы кеңесші болған, оған дейін бес жыл Davis Polk & Wardwell заң фирмасында жұмыс істеген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АҚШ #банк #реттеу #байден #омарова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Бүгін 17:29

Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

Бүгін 17:12

«Патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілік – әрбір командирдің міндеті» атты III республикалық форум өтті

Бүгін 15:52

Тоқаев Абай облысының әкімін қабылдады

Бүгін 15:35

Алматылық психолог жасөспірімдерді жұмыс туралы хабарландырулар арқылы есірткі бизнесіне қалай тартатынын түсіндірді

Бүгін 14:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);