Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сауда соғысы: геосаяси текетірес Қытай жеке бизнес...

Сауда соғысы: геосаяси текетірес Қытай жеке бизнесті барынша қолдамақ

Әлеумет 04.03.2025, 12:45 632
Сауда соғысы: геосаяси текетірес Қытай жеке бизнесті барынша қолдамақ
aikyn.kz

2025 жыл әлемдік саясаттағы маңызды кезеңнің бастауы. Жаңа кезеңнің басталуына Дональд Трамптың АҚШ тізгінін ұстауы түрткі болды. Ол биліке келісімен, ағылшын ғалымы Томас Гоббстың «бәрінің бәріне қарсы соғысы» заманы келгенге ұқсайды. «Мемлекет» осы соғысты реттеу үшін адамдардың арасында «қоғамдық келісім» арқылы пайда болды дейді ғалым. Қазір де тура сондай жағдай. БҰҰ жаһандық хаосты реттеуге қауқарсыз. Трамп бәрімен араздасып жатқанда Қытай геосаяси текетіреске кіріспей, ішкі әлеуетін күшейтпек.

 

Қытайды қандай сынақ күтіп тұр?

 

2025 жылы 17 ақпанда Бейжіңде маңызды сирек кездесу өтті. Елдің ішкі саяси ерекшелігіне байланысты кездесу жайлы ақпарат ашық тарамады. Соған қарамастан онда кімнің қатысқаны туралы мәлімет белгілі. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қытайлық ірі бизнес басшыларымен кездесті. Қытайдың саяси, мемлекеттік идеологиясы – «коммунизм». Сондықтан партия мен жеке сектор арасындағы қарым-қатынас күрделі. Билік пен бизнес сирек кездесу өткізеді.

 

Бұған дейінгі кездесу 2018 жылы өткен еді. Ол кездесуді ұйымдастырудағы мақсат АҚШ-тың сауда соғысына қарсы билік пен бизнестің әлеуетін жұмылдыру болатын. Сол сынақтан қытайлық бизнес сүрінбей өтті. Тіпті күшейіп бәсекеге қабілетті болса түсті. Қазір де Қытайды осындай сынақ күтіп тұр. Бірақ қазір сауда соғысы алдыңғы текетірестен де жойқын болмақ.

 

Қытай Трамптың алғашқы президенттік мерзімінде ашық текетіреске түспеді. Шабуылға емес қорғанысқа мән берді. Себебі, әлемдік державаға қарсы ашық қарсы тұра алмайтынын біледі. Сондықтан осындай тактика ұстанды. Қазір де Қытайдың технологиялық жетістігіне қарамастан, ішкі әлеуметтік-экономикалық мәселелер бар. Ішкі мәселелерді ретке келтірмей ашық текетіреске түспейтіні анық.

 

Бұл жолы да Трамптың әкімшілігі жүргізіп жатқан агрессивті сыртқы саясатқа шабуылмен емес, қорғаныс арқылы жауап беруі мүмкін. Әлемдегі геосаяси текетіреске де кіріспейді. Бейтарап сыртқы саясат ұстанып, халықаралық құқықтардың сақталуын талап ете бермек. Бейжің ЖИ саласын құқықтық реттеу керегін мәлімдеп, Еуроодақтың позициясын қолдады. АҚШ-тың ұстанып отырған импортқа үстеме салық саясатын ЕО секілді айыптап отыр. Кейбір сарапшылар бұл қадамдар ЕО – Қытай арасын жақындата түсуі мүмкін екенін болжауда. Украина мен Ресей арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы екі тараптың қатысуымен реттеу керегін мәлімдеді. Мұндай позиция арқылы Брюссельмен де, Мәскеумен де қарым-қатынасты жақсарта түспек.

 

Сыртқы саясатта бейтараптық ұстанса, ішкі саясатта бизнеспен байланысты жақсартуда. Ойымызды билік пен бизнес арасындағы соңғы кездесу дәлелдеп отыр.

 

Билік пен бизнес арасында жылымық байқалады

 

Дүйсенбіде өткен кездесуге ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин бастаған бір топ партиялық шенеуніктер мен ірі бизнес басшылары қатысты. Кездесу билік пен бизнес арасындағы жылымықтың белгісі. 2018 жылғы кездесу екі тарап арасын біраз жақындата түскен. Алайда, Трамп сайлауда жеңіліп, сауда соғысы аяқталды. Бұдан кейін билік бизнеспен байланысты үзе бастады. Тіпті оны өз ырқына көндіруге тырысты. Мысал ретінде ірі бизнесмен, Alibaba Group-тың незігін қалаушы Джек Ма мен билік арасындағы байланыстың нашарлауын айтуға болады.

2020 жылы Бейжің Джек Маға қарсы қысымды күшейтті. Саяси қысымға төтеп бере алмай бизнесмен шетел асып, Токиоға тұрақтады. Сол жылы желтоқсанда антимонополиялық орган Alibaba-ға қарсы тергеу бастады. Міне, содан бері Джек Ма әлеуметтік желі мен қоғамдық ортада көрінбей кетті. Бірақ биыл Си Цзиньпинмен кездесуге қатысты. Бұл билік пен бизнесмен арасындағы кикілжіңнің аяқталғанын білдіреді. Батыстық басылымдар Қытайдың Төрағасы мен Джек Маның қолалысқан суретін таратты.

 

Кездесуге Джек Мадан басқа Huawei компаниясының негізін салушы Жен Шенфей, BYD басшысы Ван Чуанфу, сондай-ақ Tencent, DeepSeek басшылары қатысты. Онда Си Цзиньпин жеке секторға барынша қолдау көрсетілмек екенін мәлімдеді. Қытай билігі мұндай қадамға не үшін барды?

 

Себебі, АҚШ-тың технологиялық алыптарына қарсы күресте ірі бизнестің көмегінсіз жеңіске жету мүмкін емес екенін билік түсініп отыр. Бәсекелестікте Қытайдың жеңіске жету мүмкіндігі бар. Алайда, билік Дэн Сяопиннің жолын жалғастыра ала ма? Мұны уақыт көрсетеді.  

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қытай #АҚШ #геосаяси текетірес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының JOLDA театры Германиядағы халықаралық фестивальге қатысты

Бүгін 17:27

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстаннан кімдер бақ сынайды?

Бүгін 17:14

БҚО-да оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Бүгін 16:54

Ұлттық өнердің ұлағатты жолын жалғаған жыршы

Бүгін 16:34

Марал Анарбекқызы: арманнан туған өнер

Бүгін 16:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика