AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сарбаздар жоғары оқу орындарына грант ұтып алды

Сарбаздар жоғары оқу орындарына грант ұтып алды

Әлеумет 19.10.2024, 15:05 1,795 Nursok82
Сарбаздар жоғары оқу орындарына грант ұтып алды
РЭжБӘИИ

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты күзет ротасының алты сарбазы еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алу құқына ие болды. Олар жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындықта жоғары нәтиже көрсетіп, грантта оқу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Олардың төртеуі осы аталған әскери институтқа, тағы біреуі Т.Я.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтына түссе, тағы біреуі азаматтық жоғары оқу орнына қабылданатын болады. Гранттарды бөлу рәсімі Қорғаныс министрлігінің сайтындағы «Срочники 2.0» электронды платформасы арқылы онлайн режимде өтті.

– Әскери борышымды атқару өмірімдегі маңызды кезеңдердің бірі болды, мінезім шыңдалды, төзімділікке үйретті. Грант иегері атану – білім алуға мүмкіндік қана емес, әскери міндетімді атқару барысында жұмсаған күш-жігерімнің мойындалуы деп білемін, – деп өз қуанышымен бөлісті Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне түскен қатардағы жауынгер Нұрболат Ашуов.

Сондай ақ, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты сержанттар мен запастағы офицерлерді даярлау бағдарламалары бойынша ақылы оқыту үшін азаматтық жоғары оқу орындарының студенттерін қабылдауда.  Бағдарлама бойынша әскери кафедрасы жоқ жоғары оқу орындарының студенттері оқи алады.  Запастағы сержант атағын алғысы келетін студенттер үшін оқу мерзімі бір жыл, ал оның құны – 250 000 теңге. Запастағы офицер болуды жоспарлағандар 500 000 теңге төлеп екі жыл оқуы керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сарбаз #грант #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);