2026 жылғы 5 мамырда сағат 15:00-де Алматы қаласында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай «Сарбаз болғым келеді» атты әскери-патриоттық акциясы өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Іс-шара «AMANAT» партиясының қолдауымен ұйымдастырылады.
Акцияның мақсаты – жастар арасында патриоттық құндылықтарды нығайту, әскери қызметтің беделін арттыру және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін дәріптеу.
Іс-шара бағдарламасында:
әскери-тарихи мұражай экспозициясымен таныстыру, қатысушылар үшін экскурсия ұйымдастыру;
қоғам және мемлекет қайраткерлерімен, Генералдар кеңесі мен Офицерлер одағы өкілдерімен кездесу;
соғысқа қатысқан батырларымыздың рухына тағзым етіп, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі.
Аталған іс-шара ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, тарихи жадыны сақтауға және жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Күні: 2026 жылғы 5 мамыр
Уақыты: 15:00
Өтетін орны: Алматы қ., Офицерлер үйі (Зенков көшесі, 24)