конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сарапшылар баспана бағасы түсетінін болжап отыр

Сарапшылар баспана бағасы түсетінін болжап отыр

Әлеумет 04.02.2022, 10:00 1,379
Сарапшылар баспана бағасы түсетінін болжап отыр
Сурет: Inform.kz

Пәтерлердің қымбаттауына айқын себептер жоқ.


Бірқатар қазақстандық  сарапшылар алдағы уақытта үй бағасының төмендейтініне сенімді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Turkystan.kz сілтеме жасап.


Соңғы жылдары тұрғын үй нарығын бұрын-соңды болмаған қымбатшылық жайлады. Тек былтыр баға бірден 10-12 пайызға өсті. Дегенмен, бірқатар сарапшылар алдағы уақытта үй бағасының төмендейтініне сенімді. 



«Елде қаңтар оқиғасынан кейінгі жағдай біртіндеп түзеліп келеді. Адамдар қалыпты өмірге қайта оралды. Инфляцияға байланысты пәтер бағасы жыл сайын орта есеппен 10%-ға қымбаттауда. Сатушылар бағаны шынымен көтерді. Әрбір сатушы баспананы мейілінше қымбатқа өткізгісі келеді. Ал сатып алушы, керісінше, арзанға іздейді. Бұл - заңды құбылыс. Қазір зейнетақы жинағының жеткілікті шегі артты. Сондықтан баспананың бағасы арзандайды», – дейді Қазақстанның Біріккен риэлторлар қауымдастығының президенті Лариса Степаненко.



Спикердің сөзінше, қазір пәтерлердің қымбаттауына айқын себептер жоқ. Өйткені сұраныс нарықтағы ұсыныстан әлдеқайда төмен. Жазға қарай, әдеттегідей, елде халықтың белсенді көші-қоны басталады.



«Жаз уақытында көп баспана сатылымға шығарылады. Алайда, бұл бағаны негізсіз өсіруге әкелмеуі керек. Себебі, халықтың жалақысы өскен жоқ. Мемлекет тұрғын үй сатып алу үшін банктік бағдарламаларды әлі шығарған жоқ. Үй иелері сатылымға қойған баспанасының бағасын түсіреді. Бізде пәтер сатушылар көп те, сатып алушылардың саны  әлдеқайда аз. Сондықтан баспана арзандауы керек. Үйін сатқысы келетін адамдар оның бағасын түсіруге мәжбүр болады», – деп қорытындылады сөзін Лариса Степаненко.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#үй #баға #болжам #сарапшы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 10:11

Алматыда IV Халықаралық цирк өнері фестивалі басталды

Бүгін 10:09

Жолаушы да, жүк те көбейді: Қазақстандағы тасымал көлемі артты

Бүгін 09:21

Алматыда білім беру саласындағы 200 мыңнан аса адам жасанды интеллектіні қолданады

Бүгін 09:17

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, батыста 44 градусқа дейін аптап ыстық болады

Бүгін 09:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);