ffin.kz

Сарапшы болашақта киім дүкендері жабылуы мүмкін екендігін ескертті

Сарапшы болашақта киім дүкендері жабылуы мүмкін екендігін ескертті Сурет: Parkgrandlondon.co.uk

Ресей сарапшысы болашақта киім дүкендері азаятынын айтты


Саналы түрде тұтыну тренді 2035 жылға қарай Ресейде дүкендердің шамамен 20%-ға жуығының жабылуына әкеледі. Мұндай болжамды Beinopen сән индустриясын дамыту институтының негізін салушы, WearNet Ұлттық технологиялық бастамалар жұмыс тобының жетекшісі Алексей Баженов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.



 «Онлайн-сатылымдар пандемияда екі есе өсіп, жалпы сатылымның көлемі 15%-ға дейін жеткен, соның ішінде, дүкендердің 40%-ы жабылған. Олардың жабылғанымен, тұтынушылар әлемі өзгерген жоқ, бұл адамдарға заттардың да, дүкендердің де осыншалық көп мөлшерде қажет емес екенін білдіреді. Wear Net қауымдастығының бағалуы бойынша, Ресейде 2035 жылға қарай 20%-ға жуық ритейлер жабылады», - дейді сарапшы.



 Ол «бұған дейін журналдар, телевидение, сонымен бірге, брендтердің өзі көбірек тұтыну қажеттігін айтты, сәндік тұрғыда үлкен гардероб болуы керек деген жиі айтылатын. Қазір бұл журналдардың бәрі саналы түрде тұтыну туралы, қажетсіз заттар көлемі адамның өзіне ғана емес, қоршаған ортаға да зиянын тигізітін» айтып толықтырды.


Баженовтың сөзінше, сән саласында саналы түрде тұтыну белең ала бастаған: ірі брендтер қатары ескі заттарды қайта өңдеудің іске қосылатыны туралы, тек экологиялық материалдарды пайдалану мен жеке киім желісін құру туралы жариялады. Тұтынушылар өз кезегінде, экологиялық тұрғыда тиімді, қайта өңдеуге қолжетімді және ұзаққа жететін сатып алуларға қызығушылығы артқан.



 «Бірінші кезекте, біздің болжам бойынша, атаулар жоқ, біз білмейтін шағын ритейлерлер жабылады. Алайда біз бұл жерде стартаптар туралы айтып отырған жоқпыз - дамып келе жатқан брендтер жаңа тенденцияларды көреді және негізінен эко-жауапты. Екіншіден, сауда орталықтарындағы желілердің нүктелері жабылады. Пандемия кезінде сауда орталығындағы дүкендердің 13 пайызы істен шықты. Сіз мұны байқадыңыз ба? Осыған байланысты сіздің өміріңіздің сапасы немесе таңдауыңыз нашарлады ма? Қайдам» - деді ол.



 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43

13:13

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55