AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сақтандыруды таңдауды жеңілдететін онлайн-құрал іс...

Сақтандыруды таңдауды жеңілдететін онлайн-құрал іске қосылды

Әлеумет 30.06.2025, 11:50 961
Сақтандыруды таңдауды жеңілдететін онлайн-құрал іске қосылды
Сурет: Freepik.com

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының" ресми сайтында сақтандыру өнімдеріне арналған онлайн-анықтамалық іске қосылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл құрал азаматтарға және кәсіпкерлерге өз қажеттіліктеріне сай сақтандыру шешімін қабылдауға мүмкіндік беріп, нарықты зерттеуге кететін уақыт пен ресурсты едәуір қысқартуға бағытталған онлайн-платформа.

Онлайн-анықтамалық - бұл Қазақстанда ұсынылатын сақтандыру сыныптары мен өнімдері бойынша құрылымдалған ақпарат көзін біріктіретін онлайн-платформа. Онда әрбір сақтандыру түрі қысқаша сипаттамамен беріліп, тікелей сақтандыру компанияларының сайттарына өтуге мүмкіндік қарастырылған.

Қордың хабарлауынша, жоба тұтынушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және сақтандыру саласындағы қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

"Біз пайдаланушы үшін барынша түсінікті және сенімді ақпараттық орта қалыптастыруды көздейміз. Анықтамалық - бұл таңдау еркіндігі мен делдалсыз өзара іс-қимылға мүмкіндік беретін құрал", - делінген Қордың ресми мәлімдемесінде.

Анықтамалық тек жеке тұлғаларға ғана емес, сонымен қатар шағын және орта бизнес өкілдерінің мүддесі жайлы ескерді. Қаржылық тәуекелдерге бейім кәсіпкерлік субъектілері енді нарықтағы сақтандыру өнімдерін сараптап, тиімді шешімді тез қабылдауға мүмкіндік алады. Бұл әсіресе уақыт пен ресурсты оңтайлы пайдалануды көздейтін кәсіп иелері үшін өзекті.

Анықтамалықтың басты артықшылықтары:

•    Бір терезе қағидаты бойынша шоғырланған ақпарат;
•    Нақты және жаңартылатын дереккөздер;
•    Уақыт үнемдеу және операциялық тиімділік;
•    Сақтандыру келісімдерін тікелей рәсімдеуге мүмкіндік.

Пайдаланушылар Анықтамалықты Кордың ресми сайтынан таба алады:

Жаңа цифрлық бастама - қаржылық мәдениетті қалыптастыру жолында

Сақтандыру саласындағы бұл бастама - тұтынушылардың сенімін арттыруға және қаржылық сектордағы ақпараттық алшақтықты қысқартуға бағытталған жүйелі қадам. Жоба дамудың келесі кезеңінде жаңа функциялармен және қосымша дереккөздермен толықтырылады.

Анықтамалық - бұл сақтандыру қызметтеріне қолжетімділікті арттыратын, қаржылық шешім қабылдауды жеңілдететін тиімді навигатор. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сақтандыру #онлайн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);