AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сақтандыру компаниялары адамдарды көмексіз қалдыры...

Сақтандыру компаниялары адамдарды көмексіз қалдырып, байып жатыр

Әлеумет 24.10.2024, 11:27 1,482
Сақтандыру компаниялары адамдарды көмексіз қалдырып, байып жатыр
видеодан алынды

«AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Премьер-Министр Олжас Бектеновқа және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымоваға депутаттық сауал жолдады.

Сауалда автокөлік сақтандыру нарығындағы проблемалық мәселелер көтерілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Адамның жол-көлік апатында қаза табуы жағдайында мұрагерлерге сақтандыру сомасы төленбейді. Тек марқұмның асырауында адам болған жағдайда ғана. Ал банк заңнамасына сәйкес, несие борыштары мұрагерлерден алынуы мүмкін, асырауындағы адамдардың бар-жоғына қарамастан.

Баланың жол-көлік апатында қаза болуы да сақтандыру заңнамасында құқықтық салдарға ие емес. Ал жол-көлік апатында қаза тапқан үй жануарларына сақтандыру төлемдері қарастырылған. Яғни, жануарларға төлемдер бар, ал адамдарға жоқ. Бұл әділеттілік және ақыл-ой қағидатына қайшы келеді.

Соңғы жылдары міндетті сақтандыру бойынша максималды төлем сомасы шамамен 2,5 миллион теңге болды. Бұл сома қазіргі жағдайда көліктерді жөндеу және қалпына келтірудің нақты бағаларымен сәйкес келмейді. Мысалы, қымбат автокөліктің бір фарасының құны бірнеше миллион теңге, ал жөндеу бағасы бірнеше есе жоғары. Бұл жағдайда жол-көлік апатына себепкер болған адам қымбат жөндеуді төлей алмайды, бұл оның қаржылық жағдайын нашарлатып, бүкіл отбасының жағдайына да әсер етеді, - деді депутат.

Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, сақтандыру компаниялары өздеріне ыңғайлы жағдайларды лоббилап, бірақ қаржылық қорғау функциясын орындамайды және әлеуметтік жауапкершілік принципін бұзады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сақтандыру #депутат #Сауал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шаруаларды жеңілдікпен қаржыландыру 2026 жылы 1,2 трлн теңгеге жетті

Бүгін 16:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларды марапаттады

Бүгін 15:52

Алматыда Dragon City тұрғын үй кешенін тұрақты жылумен қамтамасыз ету мәселесі шешіліп жатыр

Бүгін 15:10

Олжас Бектенов отандық өндірушілердің «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды

Бүгін 15:00

AI-Quryltai жасанды интеллект платформасының көмегімен алғаш рет заң жобасы әзірленді

Бүгін 14:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);