AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматы әкімі Дархан Сатыбалды халықаралық жарыстар...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларды марапаттады

Спорт Бүгін 15:52 37
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларды марапаттады
Алматы әкімдігі

Азия және Пара Азия ойындарында алматылық спортшылар 33 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен жаттықтырушыларды құттықтады. Азия және Пара Азия ойындарында алматылық спортшылар 33 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 5 алтын, 13 күміс және 15 қола медаль бар.

Жетістіктер қатарында Қазақстан спортының тарихында алғаш рет тіркелген жеңістер де бар. Наиль Ермұханбет паравелоспорттан Пара Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанған алғашқы қазақстандық спортшы болды. Тамирлан Тілеулес таеквондодан Азия ойындарында ел тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алса, Дамир Тоқтаров спорттық құзға өрмелеуден ұлттық құрама қоржынына алғашқы медальді салды.

Спортшылар мен олардың бапкерлеріне арнаған сөзінде Дархан Сатыбалды спорт инфрақұрылымын дамытып, жас таланттарды қолдаудың маңызын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әрбір баланың спортпен шұғылдануына жағдай жасау мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі екенін үнемі атап өтеді. Алматыда біз осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Спорт инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық спортпен айналысу мүмкіндіктерін кеңейтіп, кәсіби спортшыларға қолдау көрсетудеміз. Сіздердің жетістіктеріңіз – таланттың, табандылықтың және күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі. Чемпиондарды даярлауға зор үлес қосып жүрген жаттықтырушыларға ерекше алғыс білдіремін», – деді Алматы әкімі.

Марапатталғандар қатарында дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Шерзод Давлатов, IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері Марал Төлепберген және Қазақстан әйелдер құрамасы сапында шахматтан дүниежүзілік олимпиаданың күміс жүлдесін иеленген Алуа Нұрман да бар.

Сондай-ақ Азия ойындарында спорттық жүрістен бақ сынаған Ясмина Тоқсанбаеваға ерекше құрмет көрсетілді. Марафон қашықтығында спортшы қайсарлық пен жеңіске деген жігерін танытты.

Дархан Сатыбалды чемпиондарды даярлауға қосқан үлесі үшін жаттықтырушыларға алғыс айтып, спортшыларға халықаралық аренада жаңа жеңістер мен толайым табыс тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Dragon City тұрғын үй кешенін тұрақты жылумен қамтамасыз ету мәселесі шешіліп жатыр

Бүгін 15:10

Шаруаларды жеңілдікпен қаржыландыру 2026 жылы 1,2 трлн теңгеге жетті

Бүгін 15:05

Олжас Бектенов отандық өндірушілердің «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды

Бүгін 15:00

AI-Quryltai жасанды интеллект платформасының көмегімен алғаш рет заң жобасы әзірленді

Бүгін 14:37

Алматы мен Қытай жастарды жұмыспен қамту және кәсіби дамыту бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтіп келеді

Бүгін 14:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);