Соңғы жылдары мегаполистік өңдеу өнеркәсібі тың күш алды. Жыл сайынғы экономикалық көрсеткіштерде өнеркәсіп өнім үлесі үлкен үлесті иелей бастады. Бұл бағытта қала экономикасына серпін беріп, нақты сектордың дамуына үлес қосып жүрген кәсіпорындардың орны айрықша. Өнім өндіріп, тұтынушы сұранысын ескеріп, сапаға мән беретін әрбір компания қаланың экономикалық әлеуетін нығайтуға атсалысады.
Осындай кәсіпорындардың бірі – тағамға арналған биологиялық белсенді қоспалар өндіретін «Леовит» компаниясы. Өткен аптада компания өкілдері «Almaty aqparat» медиахолдингіне арнайы келіп, ұжыммен танысып, өз өнімдері туралы әңгімелеп берді.
Кездесу кәдімгі ресми таныстырылымнан гөрі, еркін әңгіме мен жақсы көңіл күйге толы жылы жүздесуге ұласты. Қонақтар компанияның жұмысы туралы әңгімелеп, журналистердің сауалдарына жауап берді. Әңгіме барысында сапалы өнім өндіру, табиғи құрамға басымдық беру және күнделікті өмірде денсаулыққа көңіл бөлудің маңызы сөз болды.
«Леовит» компаниясы өнімдерін әзірлеу кезінде дәрілік шөптерді, табиғи шырындарды, ара шаруашылығы өнімдерін, дәрумендер мен минералдарды пайдалануға басымдық береді. Компания басшысы Елена Смринова шикізат пен дайын өнімнің сапасын бақылау өндіріс барысындағы маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті. Компанияның бұл салада 28 жылдық тәжірибесі бар. Осы уақыт ішінде өнім түрлері жетілдіріліп, тұтынушылардың сұранысына назар аударылып келеді.
Кездесу барысында қонақтар өз өнімдерін таныстырып қана қоймай, компанияның қалыптасу жолы мен жұмыс ерекшеліктері туралы да әңгімеледі. Әрине, бүгінгі тұтынушы үшін өнімнің атауы мен сыртқы көрінісінен бөлек, оның құрамы, сапасы және қолжетімділігі де маңызды. Сондықтан өндірушінің өз жұмысы туралы ашық айтып, тұтынушымен сенімді байланыс орнатуға ұмтылуының мәні зор.
Кездесудің ең есте қаларлық тұсы – оның еркін әрі көңілді атмосферада өтуінде. Ұйымдастырушылар лотерея ойынын ұйымдастырып, медиахолдинг журналистеріне сыйлықтар ұсынды.
Міне, осындай сәттер адамдарды жақындастырып, жұмыс барысындағы күнделікті қарбаластың арасында жағымды әсер қалдырады. Қонақтар мен медиахолдинг ұжымы бір-бірімен емен-жарқын әңгімелесіп, естелік суретке түсті.
Кездесу соңында «Алматы ақпарат» медиахолдингі Жарнама бөлімінің директоры Қуаныш Жақсыбайұлы «Леовит» компаниясының өкілдеріне алғысын білдірді.
Қаланың экономикалық дамуына өндіріс орындарының қосатын үлесі зор. Өнім шығару, жаңа сұраныстарға бейімделу, сапаны сақтау және тұтынушы сенімін қалыптастыру – нақты сектордың күнделікті жұмысының ажырамас бөлігі. Осы тұрғыдан алғанда, «Леовит» компаниясының қызметі де өндірістік кәсіпорындардың нарықтағы орнын танып-білуге мүмкіндік береді. Ал «Almaty aqparat» медиахолдингіне жасалған сапар компанияның жұмысымен жақынырақ танысып, тәжірибе алмасуға жол ашты.
Ең бастысы, бұл кездесу өнім таныстырумен шектелген жоқ. Шынайы ықыласқа және жағымды әсерге толы болды. Кейде іскерлік байланыстың өзі осындай қарапайым жүздесуден басталады. Ал жылы қарым-қатынас пен өзара сенім – ұзақ мерзімді серіктестіктің берік негізі.
P.S. Бүгінде тұтынушылар өнімнің сапасына, құрамына және қолжетімділігіне көбірек назар аударады. Сондықтан өндірушілер үшін сапалы өнім ұсынумен қатар, тұтынушыға сенімді әрі түсінікті ақпарат беру де маңызды. «Леовит» компаниясының «Алматы ақпарат» медиахолдингіне сапары – осы бағыттағы тәжірибе алмасудың бір көрінісі. Осындай кездесулер арқылы кәсіпорындар өз өнімдерін таныстырып, қоғаммен байланысын нығайта алады. Отандық өндірістің дамуы – экономиканың маңызды тіректерінің бірі. Ал сапаға мән беріп, тұтынушы сенімін ақтауға ұмтылған әрбір кәсіпорынның еңбегі нарықтың дамуына өз үлесін қосады.
Гүлжанат СЕМБАЕВА