AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау / Ақмола облысында жеті жылда 5 мың 700 шақырым жол...

Ақмола облысында жеті жылда 5 мың 700 шақырым жол жөнделді

Жолдау Бүгін 19:39 25
Ақмола облысында жеті жылда 5 мың 700 шақырым жол жөнделді
Primeminister.kz

Мамандар ең бастысы санға емес, сапаға көңіл бөлгендерін айтады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ақмола облысында кейінгі жеті жылда 5 мың 700 шақырым жол жөнделді. Оның мың шақырымға жуығы – республикалық, қалғаны облыстық және аудандық маңызы бар жолдар. Мамандар ең бастысы санға емес, сапаға көңіл бөлгендерін айтады. Сондай-ақ туристер көп қатынайтын курортты өлкенің жолдары да жаңартылды.

Бұл - Көкшетау-Зеренді бағытындағы тас жол. Мұнда көлік қарасы бір үзілген емес. Осыған дейін жол тар болып жүргізушілерге бірақ қиындық тудыратын. Биыл облыс орталығы мен курортты аймақтың арасындағы 47 шақырым жол үш жолаққа кеңейтіліп, толығымен жаңартылды.

Рүстем Әбілов, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ филиалы директорының орынбасары:

– Щучинск-Зеренді бағытындағы жолға да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ұзындығы – 77 шақырым. Қос курортты байланыстыратын жолда көлік ағыны көп. Сондай-ақ елорда маңында айналама жолды жаңадан салдық. Жалпы жолдарды жаңарту аясында біз бірнеше елді мекендегі көпірлерді қалыпқа келтірдік. Жолдарды жарықтандыру жұмыстары да жүргізіліп, бағдаршамдар қойылды.

Жеті жылда жергілікті жолдар да біраз жақсарып қалды. Мәселен, облыстық және аудандық маңызға ие 5626 шақырымның 4700-і қалыпқа келтірілді. «Оның басым бөлігі жылдар бойы жөндеу көрмеген ауыл аймақтың жолдары», – дейді мамандар.

Жұмабек Хайролла, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

– Қазіргі таңда жолдың қанағат жағдайы 87 пайызды құрайды. Жеті жылдың ішінде сол деңгейге жеттік. Негізі 65 пайыз болған. Алдыңғы жоспарда ең үлкен жобамыз - «Ерейментау – Еркіншілік – Аршалы». Жалпы ұзындығы – 120 шақырым.

Жалпы республика бойынша соңғы жеті жылда жөнделген және жаңадан салынған жолдардың ұзындығы 36 мың шақырымнан асады. Тек осы жылдың өзінде 11 мың шақырымнан аса автомобиль жолы жаңартылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда науқастар мен медицина қызметкерлеріне барынша қолайлы жағдай жасалып жатыр

Бүгін 19:25

Алматы колледжінің студенттеріне Жолдаудың мән-маңызы түсіндірілді

Бүгін 19:22

Алматыда 29 қараша күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады

Бүгін 18:03

Алматыда 1,6 мыңнан астам нысан газ бен электр энергиясына көшті

Бүгін 17:19

«Әділет» партиясының сайлауалды штабтары жұмысын аяқтады

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);