AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда науқастар мен медицина қызметкерлеріне ба...

Алматыда науқастар мен медицина қызметкерлеріне барынша қолайлы жағдай жасалып жатыр

Медицина Бүгін 19:25 25
Алматыда науқастар мен медицина қызметкерлеріне барынша қолайлы жағдай жасалып жатыр
Алматы әкімдігі

Амбулаториялық қызмет 250-ден астам ересек адам мен балаға медициналық және психологиялық көмек көрсетеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов жұмыс сапары аясында Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығы мен «Алау» оңалту орталығына барып, жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

Психикалық денсаулық орталығында амбулаториялық-емханалық қызмет бөлімін жөндеу жұмыстары аяқталды. Инженерлік жүйелер, дәрігерлердің кабинеті мен тіркеу орталығы жаңартылды. Амбулаториялық қызмет 250-ден астам ересек адам мен балаға медициналық және психологиялық көмек көрсетеді.

Ғимарат 1958 жылы салынған. Содан бері мұнда негізінен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп келген. Алайда ғимараттың жай-күйі кешенді жаңартуды қажет етті.

Осыған байланысты пациенттердің орталықта болуына және денсаулығын жақсартуына қолайлы жағдай жасау мақсатында жөндеу жұмысын жүргізу туралы шешім қабылданды. Алдағы уақытта стационарлық бөлімшелер орналасқан негізгі корпустың басқа қабаттарын кезең-кезеңімен күрделі жөндеуден өткізу және қайта жаңғырту жоспарланып отыр.

«Алау» оңалту орталығында жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сумен жабдықтау жүйелері ауыстырылып, бассейн орналасқан үй-жай жылыланды, жылы еден орнатылды, ғимараттың қасбеті, ішкі үй-жайлары мен балалар ойын алаңы жаңартылды.

Орталық жыл сайын тыныс алу ағзаларының ауруларына шалдыққан, оның ішінде жиі ауыратын 2 мыңнан астам баланы сауықтыру, денсаулығын қалпына келтіру және аурудың қайталануының алдын алу мақсатында қабылдайды. Бағдарламалар балалардың тыныс алу қызметін жақсартуға, ағзаның қорғаныс тетіктерін нығайтуға және физикалық төзімділігін арттыруға бағытталған.

Медициналық инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту аясында медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін жаңа нысандарды ашу да жоспарланған. Жақын арада «Шұғыла», «Айбасова» және «Саялы» отбасылық дәрігерлік амбулаториялары, сондай-ақ «Шұғыла», «Алтай-1» және «Әйтеке би» емханалары іске қосылады деп күтіліп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында жеті жылда 5 мың 700 шақырым жол жөнделді

Бүгін 19:39

Алматы колледжінің студенттеріне Жолдаудың мән-маңызы түсіндірілді

Бүгін 19:22

Алматыда 29 қараша күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады

Бүгін 18:03

Алматыда 1,6 мыңнан астам нысан газ бен электр энергиясына көшті

Бүгін 17:19

«Әділет» партиясының сайлауалды штабтары жұмысын аяқтады

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);