AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Самокатшылардың жол қозғалысын реттейтін заң күшін...

Самокатшылардың жол қозғалысын реттейтін заң күшіне енді

Заң мен тəртіп 30.08.2023, 07:15 1,073
Самокатшылардың жол қозғалысын реттейтін заң күшіне енді
Сурет: Aikyn.kz

30 тамыздан бастап, жол ережесін бұзған самокатшыларға айыппұл салына бастайды.


Президент 29 маусым күні «Жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын. Аталған заң бүгін күшіне енді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Осы заң арқылы «Жол қозғалысы туралы» заңға түзетулер енгізілді, олар көлік құралдарының жаңа түрлерінің – «Электр скутері» мен «Шағын электр көлік құралдарының» мәртебесін анықтады. Шағын электр көлігіне гироскутерлер, сигвейлер, монокөліктер, электр скейтбордтар және басқа түрлері жатады.


Ал, электрлік скутер – екі немесе үш дөңгелегі бар, электр қозғалтқышын пайдалану арқылы бір адамның қозғалуына арналған, орындығы жоқ, максималды конструктивтік жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспайтын электрлі көлік құралы.


Қолданыстағы заңнамада осы заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылған. Осылайша, құқықбұзушылықтар анықталса, олар ӘҚБтК 593-бабы (5 АЕК айыппұл) немесе ӘҚБтК 620-бабы (ескерту немесе 3 АЕК айыппұл) бойынша жауапқа тартылады.


Сонымен бірге, самокаттарды жалға беретін кикшерингтік компаниялар жалпы «жосықсыз клиенттер тізімін» құруды ұсынып отыр. Жол қозғалысы ережелерін, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзатын, скутерді дұрыс емес жерде қалдыратын пайдаланушыларға барлық компания бір мезгілде қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Cамокатшылар #Айыппұл #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ideathon by QYZfond аясында 800-ден астам студент қыз 10 жетекші компанияға инновациялық жобаларын ұсынды

Бүгін 18:46

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Брусиловский көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 18:18

Алматыда Брайль қарпіндегі кітап пен аудиокітап шығару технологиялары таныстырылды

Бүгін 16:32

Алматы әкімі Әуезов ауданын жұмыс сапарымен аралап, тұрғындармен кездесті

Бүгін 16:21

«MasterSkills – 2026» нан пісіру өнері мен педагогтердің кәсіби шеберлігі

Бүгін 16:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);