AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Салықтан жалтару жауапкершіліктен құтқармайды

Салықтан жалтару жауапкершіліктен құтқармайды

Әлеумет 07.06.2023, 06:54 1,104
Салықтан жалтару жауапкершіліктен құтқармайды
Сурет: ашық дереккөз

Алматы қаласының прокуратурасы талдау жүргізу барысында «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС-да салықты төмендету фактісін анықтады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.



Аталған салық төлеуші жыл сайын «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС Finance Limited холдингтік компаниясына дивидендтер төлеп келген.



Алайда салық заңнамасының талаптарына сәйкес, құн өсімінен түскен табыстар, дивидендтер, сыйақылар, роялтиге төлем көзінен 15% мөлшерлеме деңгейінде салық салуға жатады.






«Бірақ салық есептілігін зерттеу кезінде аталған ЖШС 2018-2022 жылдар аралығында жыл сайын талап етілетін 15%-тің орнына 10% көлеміндегі мөлшерлеме бойынша салық ұстап, резидент емес мекемеге қатысты сыйақы төлегені анықталды», - деп жазылған хабарламада.





Осыдан кейін прокуратураның талабы бойынша салық органы «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС қызметінде корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеудің дұрыстығына тексеру жүргізді. Аталған фактілер расталып, 8,2 миллиард теңге көлемінде қосымша салық есептелді.







Белгілі болғандай, салық төлеуші көрсетілген соманы мемлекет кірісіне толық көлемде төлеп, мемлекет мүддесі қорғалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жауапкершілік #салық #миллиард
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);