AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Салық сотқа сүйрейді

Салық сотқа сүйрейді

Заң мен тəртіп 14.03.2023, 17:33 939
Салық сотқа сүйрейді
Сурет: Kolesa.kz

Алматыда былтыр 16,6 млрд теңге көлік салығы есептелген.


Көлік салығын төлемегендердің ісі сотқа жолданады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қуаныш Түменбаевтың айтуынша, 2023 жылғы 1 сәуірге дейін көлік салығын төлемегендердің ісі сотқа жолданады.


Оның айтуынша, қалада 441 221 жеке тұлғаның атына тіркелген 709 944 көлік бар.



Биыл 1 сәуірге дейін көлік иелерінің бәрі міндетті түрде 2022 жылғы салықты төлеуге тиіс. Төлем уақтылы жасалмаған жағдайда, әрбір кешіктірілген күн үшін қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл алынады. Борышкерге 30 жұмыс күні ішінде берешекті өтеу туралы хабарлама жіберіледі. Хабарландыру мерзімі өткеннен кейін берешек сомасы 1 АЕК-тен (3 450 теңге) асса, борышкерге 5 жұмыс күні ішінде берешекті өндіріп алу туралы салық бұйрығы жіберіледі, - деді ол Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.



Борышкерлерге сот орындаушылары тарапынан одан әрі мәжбүрлеу шаралары қолданылады: мүлкі мен банк шоттарына тыйым салудан елден шығуға дейін.


Салықты e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы немесе www.kgd.gov.kz арқылы әрі «Қазпошта» АҚ филиалдарында немесе банктердің мобильді қосымшалары арқылы да төлеуге болады.


Салықты қазақстандықтар көлік иесінің тұрғылықты жері бойынша төлейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #салық #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Кеше 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Кеше 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Кеше 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Кеше 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Кеше 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика