AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Сайранды тазартқан жігіт 3 айда Алматыны қоқыстан...

Сайранды тазартқан жігіт 3 айда Алматыны қоқыстан «құтқармақ»

Барлығы 26.06.2025, 16:40 1,498 Әспет Бақытжанқызы
Сайранды тазартқан жігіт 3 айда Алматыны қоқыстан «құтқармақ»
Сурет: Дулат Набиевтің жеке мұрағатынан

Алматылық жас - Дулат Набиев: «Қаланы тазартуды сөзбен емес, іспен көрсету керек»

Алматыда әлеуметтік желі арқылы пайдалы контент жасап, көпшілікті игі іске үндеп жүрген ерекше жоба бар. Оның авторы – медиа маманы Дулат Набиев. Ол 20 күн бұрын TikTok пен Instagram желілерінде #project_virus_almaty атты экочеллендж бастап, қала тазалығын жақсартуға жеке үлесін қосып келеді.

100 қап пен 3 сыпыртқы: игі істің басы

Дулат өз бастамасын ешкімнің көмегінсіз, қолында  бар құралдармен бастап кеткен. Жүз қап пен үш сыпыртқыны алып, қоқыс жиналған аумақтарды тазалауға кіріскен. Ол бұл ісін ешқандай жарнама үшін емес, азаматтық жауапкершілікпен жасап жүр.

«Өзгені өзгерткің келсе, алдымен өзіңнен баста», – дейді ол.

Челлендждің алғашқы аптасы Сайран көлінің айналасында өтті. Қазір бұл бастамаға өз еркімен қосылып жатқан еріктілердің саны күннен-күнге артып келеді.

Қаланың тазалығы – әр адамның мәдениетіне байланысты

Дулаттың айтуынша, қаладағы қоқыс мәселесі тек коммуналдық қызметпен шешілмейді. Бұл – әр адамның ішкі мәдениеті мен жауапкершілігіне тікелей байланысты.

«Қоқыс – тек табиғатқа емес, адамның денсаулығына, психологиясына, эстетикасына да зиян. Адам өзін, қаласын, ортасын сыйласа, мұндай мәселе болмас еді», – дейді ол.

 

90 күндік челлендж: мақсаты – нәтижеге жету

Бүгін жобаның 18-күні. Дулат пен оның тобындағы 20-ға жуық адам бұл істі кем дегенде 90 күнге дейін жалғастыруды жоспарлап отыр. Егер нәтиже сәтті болса, мұндай экочеллендж басқа қалаларда да жалғасын табуы мүмкін.

 

Интернеттегі бос контентке – балама ұсыныс

Медиа саласының маманы ретінде Дулат TikTok пен Instagram-да пайдалы әрі мотивациялық контент жасауды қолға алған. Оның TikTok парақшасындағы жазылушылар саны соңғы апталарда 10 мыңнан 30 мыңға дейін көбейген. Instagram-дағы оқырмандары да екі есеге артып, 17 мыңнан асқан.

«TikTok-та бос контент көп. Көпшілігі лайк пен подписка үшін түсіріледі. Бірақ мен оған қарсы пайдалы контент жасап көргім келді. Әрі өзімнің ағам аудиторияң негізінен жастар, оларды жақсы нәрсеге үйрете аласың деп бағыт беріп, жөн сілтеді», – дейді ол.

Бастамаға қолдау артып келеді

Дулаттың бұл жобасы көпшіліктің назарын аударып, ресми органдардан да қолдау тауып отыр. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы, әкімдік өкілдері, тіпті министрлік деңгейінде де жобаның маңыздылығы қарастырылып жатыр.

Соған қарамастан, Дулат бұл істі ешкімге артып немесе міндеттеп отырған жоқ:

«Мен бұл челленджді ең алдымен өзім үшін бастадым. Көмек көрсеткендерге алғысымды айтамын. Ал көмектеспегендерге ренжімеймін де», – дейді ол.

@project_virus_almaty – пайдалы бастаманың брендіне айналуда

Қазір бұл бастама әлеуметтік желілерде @project_virus_almaty деген атпен танымал болып, көптеген жастарды азаматтық белсенділікке үндеп отыр. Дулаттың мақсаты – өз ісімен көпке үлгі көрсету. Соңғы күндері Дулат пен оның командасы "Алтын Орда" базары маңын тазартуға кіріскен. 

 

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тазалық #қоқыстан тазарту #челлендж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);