Саймон Миллс: Студенттердің жасанды интеллект сияқты жаңа технологияларды жетік меңгеретініне сенімдімін

Саймон Миллс: Студенттердің жасанды интеллект сияқты жаңа технологияларды жетік меңгеретініне сенімдімін Almaty-akshamy.kz

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Haileybury Almaty мектебінің директоры Саймон Миллспен кездесу өтті. Кездесуге Басқарма Төрағасы – Ректоры Гүлмира Қанай, студенттер, магистранттар және докторанттар қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Саймон Миллс – білім беру саласындағы жоғары білікті маман. Шотландияда дүниеге келіп, сол жерде білім алған. Кейін Кембридж университетінің Пембрук колледжінде география мамандығы бойынша білім алған. 2020 жылдың тамыз айында Haileybury Almaty мектебінің директоры қызметіне тағайындалды.

Кездесу барысында Саймон Миллс Haileybury Almaty мектебі туралы, оның тарихы, білім алу мүмкіндіктері және мектептің қызметі туралы құнды ақпаратпен бөлісті.

«Бүгін керемет кездесу өтті. Бұл білім ордасы – көптеген білікті мұғалімдерді тәрбиелеп, бүгінде 12 000 студентке сапалы білім беріп отырған іргелі оқу орны. Бұл мені сөзсіз шабыттандырды. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін Қазақстандағы ең беделді жоғары оқу орындарының бірі деп санаймын. Тіпті әлемнің көптеген елдерінде мұндай жоғары көрсеткіш сирек кездеседі. Мен студенттердің жасанды интеллект сияқты жаңа технологияларды жетік меңгеретініне сенімдімін. Сонымен қатар олардың дәстүрлі білім беру әдістерін де терең игеруі маңызды. Өткеннің де, болашақтың да ең жақсысын бойға сіңіру – ең дұрыс таңдау», – деді Haileybury Almaty мектебінің директоры.

Саймон Миллс бұған дейін ол Шотландиядағы ең ірі тәуелсіз аралас күндізгі мектептердің бірі – Robert Gordon’s College директоры болып жұмыс істеген. Білім беру саласында Саймон Миллс жастардың әлеуетін ашуға, цифрлық білім беруді дамытуға, оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыруға және тұрақты даму дағдыларын үйретуге ерекше назар аударады.  Ұлыбританияда және шетелдерде мектеп инспекторы ретінде қызмет атқарып, бірнеше ұлттық білім беру комитеттерінің мүшесі болды және FOBISIA-мен бірлесіп жұмыс істеді.

Еркін форматта өткен кездесуде жастар өздерін толғандырған мәселелерді қозғады. Қатысушылар Haileybury Almaty мектебінің директоры Саймон Миллсқа көкейкесті сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

«Мистер Саймонспен өткен кездесу тағылымға толы болды. Нaileybury Almaty мектебі туралы тың деректер мені ерекше қызықтырды. Болашақта бауырларымның осы білім ордасында оқуын қалаймын», –деді «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 4 курс студенті Жансая Алибекова. 

 Ашық диалог форматында өткен кездесу студенттердің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беріп, олардың кәсіби даму жолында жаңа бағыттарға ой салды. Мұндай шаралар жастардың білім көкжиегін кеңейтіп, болашаққа деген сенімін нығайта түсетіні сөзсіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:25

13:55

12:45

12:33

12:20

10:44

08:13

21:50

21:22

20:02

19:45

19:17

19:00

18:51

18:38

18:31

18:19

18:15

17:50

17:38

16:44

16:31

16:22

16:10

16:00