Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Сайлау күні 16 сағаттық «Біздің ел – біздің таңдау...

Сайлау күні 16 сағаттық «Біздің ел – біздің таңдау!» онлайн телемарафоны өтеді

Сайлау-2023 17.11.2022, 04:21 1,524
Сайлау күні 16 сағаттық «Біздің ел – біздің таңдау!» онлайн телемарафоны өтеді
Сурет: Qazaqstan.tv

2022 жылғы 20 қараша – елімізде өтетін кезектен тыс Президент сайлауына орай «Қазақстан» телерадиокорпорациясы 16 сағаттық телемарафон ұйымдастырады.


Отандық теле-радио арналар мен олардың интернет ресурстары және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілетін шара таңғы сағат 09:00-ден басталып түнгі 01:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.  


Марафонға саясаткерлер, саясаттанушылар мен депутаттар, қоғам қайраткерлері, мәдениет, спорт саласының өкілдері, белсенді жастар және блогерлер қатысады. Жобаны елімізге есімі кеңінен танымал 27 тележурналист жүргізеді.


Телемарафонда түрлі тақырыптарда дискуссиялар ұйымдастырылып, еліміздің барлық аймағынан және шетелдерден тікелей қосылымдар жасалады.


Сондай-ақ электораттың саяси белсенділігі бойынша сағат сайын баспасөз конференциялары ұйымдастырылып, халықаралық байқаушылар, сарапшылар, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігінің өкілдері дауыс беру барысы бойынша соңғы ақпараттармен бөлісіп отырады.


 Марафонның TED-x форматындағы алаңында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, «Қазақстандық Ник Вуйчич» Әли Тұрғанбеков және басқа да танымал тұлғалардың мотивациялық монологтары жоспарланған. Ал «Экспресс-камера» алаңында журналистерге марафонға қатысатын 1500-ден астам қонақпен сұхбат жүргізуге мүмкіндік жасалады.


Шара барысында Мирас Жүгінісов, Дастан Оразбеков, Маржан Арапбаева, Рүхия Байдүкенова, Мәди Сыздықов, Садраддин, Калифорния сынды сахна жұлдыздары мен танымал стендаперлер өнер көрсетеді.


Онлайн марафон 20 қараша күні Астана қаласы «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#cайлау #марафон #онлайн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика