ffin.kz

Саясат БЕЙІСБАЙ, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас сарапшысы: Саяси дода басталды

Саясат БЕЙІСБАЙ,  Философия, саясаттану және дінтану институтының бас сарапшысы: Саяси дода басталды almaty-akshamy.kz

Өткен Парламенттің таратылуы жұрттың бәрі білетін, көптен күткен шара болды. Бұрынғы депутаттар өздерінің өкілеттігі бітетінін іштей сезіп, соған дайын жүрді. Енді бұрынғы халық қалаулыларының біразы тағы да бағын сынап, егер халық оларды лайық деп тапса, қайтадан сайлауға қатысудан үмітті. Оны енді негізінен өздері мүшесі болған  партиялары шешеді.


Жұртшылықтың жаңа Парламенттен күтері көп. Президент атап айтқанындай, жаңа сайланатын Парламенттің билігі үлкен болуы тиіс. Көпшіліктің айтуынша, егер рас болып, соған дәлел табылса, шетелге шығып кеткен қыруар қаржыны қайтаруды Мәжіліс депутаттары Үкіметтен сұрап, талап етуі тиіс. Бұл халық қалаулыларының беделін арттыра түсер еді.


Депутаттардың 30 пайызы  жастар мен әйелдер және  мүмкіндігі шектеулі азаматтар болатыны айтылды. Мемлекет басшысы бұл сайлау әділетті, адал өтуі тиістігін қадап айтты. Ол үшін прокуратура, басқа да қадағалаушы органдар сайлау барысын бақылауға дайын болуы тиіс.


Халықтың көңілінен шықпаған, лайық емес кейбір депутаттарды сол партияның мүшелері мүйіздеп, ондайлардың мандатын дереу кері қайтарып алу мәселесі өте орынды.  Айталық, «Ақ жол» партиясының өз мүшесіне деген әрекеті осыған мысал.



Осы сайлауда халықты бұл саяси шараға  тартуда белсенділікті арттыру әрбір партияның ісі болмақ.  Қазір тіркеліп үлгерген жеті партия бар. Олар егер  сайлауға қатысса,  өздерінің саяси бағыттары арқылы дауыс жинауға мүмкіндік туады. Енді сол партиялардың басты мақсаты – тиісті дауыс жинау арқылы қайткенде Парламентке өту. Өткен Президент сайлауында алматылықтардың  отыз пайыздайы ғана дауыс беруге қатысқаны белгілі. Осы жолы  партиялар сайлаушыларды барынша оятып, саяси науқанға белсене тартуға тырысады.



Саяси ұйымдар ендігі жерде мемлекеттің басқару моделін жаңарту керек дейді. Мысалы, «Байтақ» партиясының  жетекшісі Азаматхан Әміртаев мынадай тұжырымын білдірді: Президент болған жерде Премьер-Министрдің не қажеті бар?  Сол сияқты керісінше, Премьер бар болса, Президенттің қажеті қанша? Биліктің мұндай екі тармағының бірін-бір қайталауы керек емес. Бірқатар елде президенттік билік жоқ. Оларды Премьер басқаратыны белгілі. Немесе керісінше. Бізде Мемлекет басшысының айтуынша, ендігі жерде Парламент басқару билігінің біраз бөлігін өз құзыретіне алады. Түбі біз болашақта елді басқару моделін жаңартып, билік тармақтарын ықшамдауға келеміз. Жаңа Парламент осыны қолға алуды бастайды. Сондай-ақ,  Парламентте оппозиция өкілдері де болуы тиіс. Сындарлы пікірталас арқылы ілгері дамуға жол ашылады.  Жаңа пайда болған партиялар бұрынғы саяси ұйымдарға қарсы тұрып, жылдар бойғы қатып қалған қағидаларына тойтарыс беріп, жаңашылдық үшін күресетін болады.


Осыған дейін жергілікті мәслихат депутаттары аймақтағы өз басшыларының айтқанынан шықпай, әкімдерге жалтақтап келсе, енді өз құзіреттері арта түскен соң  батыл әрекеттерге көшіп, белсенділік танытулары тиіс. Демек, мәслихат депутаттарының да беделі арта түседі. Ендігі жерде олар барынша еркін,  батыл қимылдап, өз ойларын батыл айта алатын депутаттар болады деген үміт үлкен.


Депутаттар арасында, Президент атап көрсеткендей, елімізде ауыл шаруашылығын дамытуға батыл кірісетін білікті мамандар, әсіресе, ғылым мен білімді, өндірісті өркендететін лайықты халық қалаулылары көп болуы тиіс.


Кей депутаттар мажоритарлы әдіс арқылы өзін-өзі ұсына алады. Оларды да халық танып біліп, егер дәлелі жүйелі, орынды болса, неге сайламасқа? Сонымен, халық үмітін қай депутат ақтайды? Сайлаушылар соларды таңдайды.


Бұл сайлауда әрбір партия өз саяси бақылаушыларының белсенділігін арттырып, қадағалауды күшейтеді. Осы арада мына мәселе де назардан тыс қалмауы тиіс.  Жыл басында жаңа ғана тіркеліп үлгерген кейбір партиялар, мысалы,  блогерлердің Respublica партиясы бұл сайлауда тиісті дауыс жинап үлгере ме?


Сонымен, Мәжілістегі және мәслихаттағы әр дауыс үшін шынайы әрі әділетті күрес жолындағы саяси дода басталды. Ендігі жерде  жаңадан сайланатын депутаттар қуатты мемлекет пен мықты азаматтық қоғам құру жолында шынайы күрескер болып еңбек етулері тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04