AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Саяхатшылар шекаралық пойызда шарлайды

Саяхатшылар шекаралық пойызда шарлайды

Әлеумет 20.02.2025, 17:02 717 Айнабай МӘДИ
Саяхатшылар шекаралық пойызда шарлайды
almaty-akshamy.kz

«Jibek Joly» теміржол туры іске қосылғаннан бері 540 турист осы бірегей бағытқа билет сатып алды. 

Жоба Орталық Азияның көрнекті бренді бола алатын перспективалық туристік өнім ретінде өзін танытты. Бұл жөнінде Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Оңтүстік» аймақтық филиалының директоры Руслан Жалғасбай мәлім етті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта пойыз Ұлы Жібек жолы бойынша саяхаты сәтті жүзеге асып, оның бағдарламасына Орталық Азияның ең көне қалаларының бірі Тараз қосылды.

«Келесі сапар Наурыз мерекесіне орай жоспарланған. Тур «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Тараз – Алматы» бағытын қамтиды, билеттер толығымен сатылып кетті. Сапарға 300 адам шығады деп күтілуде», – деді Руслан Жалғасбай.

Өз кезегінде «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Даниел Сержанұлы Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстыратын жоба өткен жылдың қараша айында басталғанын еске салды. Саяхатқа қазақстандықтар ғана емес, Түркия, Қырғызстан, Украина мен Ресейден келген туристер арасында тұрақты сұраныс бар.

«Бұл жоба өңірлік туризмді дамытудың жаңа перспективасын ашып, мәдени байланысты нығайту мен туристік ағынды кеңейтуге ықпал етеді», –   деп атап өтті Д. Сержанұлы.

Бұл ретте, «Қазақстандық туризм индустриясы» республикалық қауымдастығының төрағасы Мунирам Ахметованың айтуынша, халықаралық турдың ұзақтығы бес күнге созылады. Туристер ежелгі қалалардың атмосферасына еніп, Ұлы Жібек жолының ізімен саяхаттайды, екі елдің көрікті жерлерін аралайды.

«Бұл турдың бір артықшылығы – жайлылығы.  Туристердің демалуына барлық жағдай жасалған. Пойызда түнеп, күндіз тарихи орындарды белсенді түрде зерттеп, зерделейді», – дейді М. Ахметова. Оның айтуынша, тур бағдарламасына гид, тамақтану, көлік қызметі және экскурсияларға кіру билеттері кіреді. Осылайша, «Жібек жолы» трансшекаралық пойызы елдер арасындағы туристік байланысты нығайтып, өңірдің мәдени мұрасын танымал етудегі маңызды бастамаға айналып отыр.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пойыз #саяхатшы #турист
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Бүгін 20:39

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Бүгін 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Бүгін 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Бүгін 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Бүгін 19:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);