AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Саябақтарға сән кірді 

Саябақтарға сән кірді 

Әлеумет 13.06.2023, 06:26 1,280
Саябақтарға сән кірді 
Суреттерді түсірген - С.Құсайынов

Күннің көзі нұрын төгіп, айналаң жасыл кілемге оранған шақта ағаштың саясында демалып, саябақ аралап, серуен құрғанға не жетсін, шіркін?!


Атын атап, түсін түстемесек те, қазіргі уақытта Алматының саябақтары қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналды деуге болады. Өйткені, қаланың қай жағына барсаңыз да дәл осы көріністі көресіз.


Жасыл желек жамылған саялы бақта адам қарасы кешке қарай көбейе түседі. Бұл мекен, әсіресе, тыныштықты жаны сүйетін, бір мезгіл бой сергітіп, таза ауамен тыныстағысы келетіндер үшін таптырмас орын. Себебі, мұндағы құстардың сайраған үні мен субұрқақтан ескен салқын леп жаныңды сергітеді. Саябақ ішіндегі орындықтарға жайғасқан жастар да, әңгіме-дүкен құрып отырған қариялар да жап-жасыл бақтың жайлылығын білдіреді. Ал кішкентай балғындардың ойыншық көліктерімен ызғытып жүргені, олардың алаңсыз күлкісі саябақ сәнін еселей түскен... 



Алматыда барлығы 211 саябақ аумағы бар. Ауданы 631,2 га құрайтын жасыл аймақтың ішінде 12-сі саябақ, 124-і сквер, 21-і бульвар, 10 жағалау, 13 жасыл аймақ, 31-і жаяу жүргінші аймағына жатады.



Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы мамандарының айтуынша, бой көтерген саябақтар аудандардың балансына беріледі, яғни жауапкершілік саябақ орналасқан аудан әкімдіктерінің құзырында болады. Халықтың жайлы демалысын қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы қалада орналасқан жалпы аумағы 87,9 га құрайтын 10 саябаққа құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізді. Солардың қатарында сәулеті мен тарихи келбетін сақтай отырып, Мемлекеттік Мұражай мен Оқушылар сарайының жанындағы тынымбақтар, Әлия – Мәншүк, Аэропорт даңқы,  Қазақ–Британ университеті тынымбақтары, Байсейітова көшесінде орналасқан тынымбақтар қайта жаңғыртудан өтті. Нәтижесінде серуен құратын аймақтары, балалар ойыны мен спорт алаңдары бар, жасыл аумақтар ел игілігіне ұсынылды.


Бұл үрдіс биыл да жалғасын тауып, Алатау, Наурызбай, Түрксіб, Медеу мен Бостандық аудандарын қамтитын жасыл аймақтар қатары көбейе түспек. 


Саябақтарды аралап жүріп, тұрғындармен де тілдестік.



– Жаздың аптап ыстығында жанға сая. Жерге шаншылған ағаштар етек жайып жайқалып тұрған соң тынысың ашылады. Бізді таныстырған да, табыстырған да осы саябақ. Жолдасымыз екеуміз осында танысқанбыз. Сондықтан болар, отбасымызбен осы саябақта көп серуендейміз. Жастығымызға куә болған бұл мекеннің бүгінгі көркі көз тоярлық. Барлық жағдай жасалған. Алматы осындай жасыл желегімен де ерекше ғой, – дейді балаларымен серуендеп жүрген Сымбат есімді келіншек.




Иә, қалай десек те, саябақтар қаланың сәні екені рас. Сондықтан сіз бен бізге жайлылық сыйлайтын осындай демалыс орындарын күтіп ұстау, ол жердің тазалығын сақтау тек жауапты мекемелерге ғана емес, сонымен қатар тұрғындарға да жүктелген жауапты іс екенін ұмытпасақ болғаны. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #саябақтар #демалыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Наурыз: мерекелік іс-шаралар төртінші күн қатарынан жалғасуда

Кеше 21:42

Наурыз мерекесі аясында Алматыда жас таланттар өнер көрсетті

Кеше 21:35

Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Кеше 16:18

Оқушылар сарайының Наурыз керуені алматылықтардың жүрегін баурады

Кеше 14:57

Қазақстандық блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

Кеше 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика