AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Рыбакина әлемнің "Жыл ойыншысы" атағына үміткер ат...

Рыбакина әлемнің "Жыл ойыншысы" атағына үміткер атанды

Спорт 20.11.2022, 08:00 991
Рыбакина әлемнің "Жыл ойыншысы" атағына үміткер атанды
Сурет: Vesti.kz

Еліміздің бірінші ракеткасы, Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина "Жыл ойыншысы" аталымы бойынша үміткерлер қатарына кірді. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.



Жоғары марапатқа әлемнің бірінші ракеткасы, "Ролан Гаррос", US Open және тағы алты жарыстың жеңімпазы, Польша өкілі Ига Швентек, дүниежүзілік рейтингіде екінші тұрған US Open және Уимблдон финалисі, Мадрид пен Берлин чемпионы, тунистік Онс Жабер таласпақ. Бұдан бөлек, америкалықтар, әлемнің жетінші ракеткасы, Ролан Гаррос финалисі Кори Гауфф, рейтингіде үздік үштіктегі Гвадалахара чемпионы Джессика Пегула, сонымен қатар биыл WTA қорытынды турнирінде топ жарған франциялық Каролин Гарсия тізімге іліккен.


Биыл тамаша нәтижеге қол жеткізген Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина отандастарының қолдауын үнемі сезінетінін айтып, ҚТФ баспасөз қызметіне сұхбат берді.


- 2022 жыл аяқталып келеді. Бұл жыл өзің үшін табысты болды ғой, Елена, солай ма?


- Иә, тұтастай алғандай, сәтті болды. Әсіресе, Уимблдондағы жеңісім талайлар армандайтын титул екендігі анық. Командалық жарысты алсақ, біздің ұлттық құрама алғаш рет әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде өнер көрсетті. Бұл – біз үшін үлкен тәжірибе, келесіде бұдан да жақсы ойнаймыз деп үміттенемін.


- Биыл Уимблдонда жеңіске жеттің. "Үлкен дулыға" турниріндегі жеңістен кейін өміріңде не өзгеріс болды?


- Елдің назарына ілігіп, міндет пен жауапкершілік жүгі ауырлай түсті. Әрине, бұл жеңістің тың серпіліс бергені анық. Дегенмен түбегейлі өзгеріс болды деп айта алмаймын.


- Елена, өткен жылы Токио Олимпиадасында сәтті ойнап, жартылай финалға дейін жеттің. Сен үшін "Үлкен дулыға" жарысындағы жеңіс пе әлде Олимпиада ойындарының "алтыны" маңызды ма?


- Бұл күрделі сұрақ екен. Сөз жоқ, Олимпиадада да, "Үлкен дулыға" додасында да жеңіске жеткім келеді. Олимпиада ойындарынан кейін барлық қазақстандық жанкүйерлердің орасан зор қолдауын сезіндім. Уимблдоннан кейін де солай болды. Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде көптеген тілектер жазылды. Бұл маған күш береді, қай турнир болмасын, жеңіске жеткім келеді (күлді).


- Ұлыбритания ашық чемпионатынан кейін мол табыс таптың. Осыған байланысты қарыз сұрап немесе көмек көрсетуді өтінген адамдар көбейді ме?


- Иә, жәрдем сұрайтындар бар, мүмкіндігіме қарай қол ұшын беруге тырысамын.


- Қазақстанның намысын абыроймен қорғап келесің. Жанкүйерлерің үшін қазақ тілінде үш сөз айтшы?


- Сәлем, рахмет және алға!


- Әйелдер арасындағы жарыстарда әлемнің маңдайалды теннисшілерімен сынға түстің. Біразын жеңдің. Егер жігіттермен ойнауға мүмкіндік болса, кімді таңдар едің?


- Маған Роджер Федерердің ойыны ұнайды. Онымен кортқа шыққым келеді. Өкінішке қарай, ол кәсіби мансабын аяқтады. Мүмкін, алдағы уақытта кездесіп, шеберлік байқасып қалармын.


- Уимблдонда ерлер арасында Новак Джокович жеңіске жетті. Ол – "Үлкен дулыға" турнирлерін 21 рет ұтқан ойыншы. Осындай атақты теннисшімен қатар алғашқы титулға ие болу сен үшін қаншалықты маңызды?


- Иә, әлемдегі ең байырғы да беделді жарыста Новакпен бірге жеңіс тұғырында тұру – мен үшін үлкен құрмет. Марапат тапсырылған салтанатты рәсімде онымен қатар тұрып, аздап әңгімелесудің сәті түсті. Толқыдым әрі ерекше қуаныш құшағында болдым.


- Кәсіби ойыншы болғандықтан, үнемі жол үстінде жүресің, сондықтан Қазақстанға келуің де сирек. Бос уақыт болып, елге келгенде, қай қалада боласың, қай жерлер көбірек ұнайды?


- Астанада жиірек боламын. Алматыға да жол түсіп жүр. Астаналықтар өкпелемес, әзірге Алматы ұнайды (күлді).


- Сұхбат соңында өз жанкүйерлеріңе не айтар едің?


- Жеңіс кезінде ғана емес, ұтылып қалған сәтте де мені қолдайтындардың бәріне риясыз алғыс айтқым келеді. Мен әрқашан сіздердің қолдауларыңызды сезінемін. Бұдан былай да солай болады деп үміттенемін. Келесі жылы кездескенше! Алға, Қазақстан!


Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Жыл ойыншысы #Елена Рыбакина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика