Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Рүстем Әбдірашевтің «Fake-овый арман» фильмі 27 ақ...

Рүстем Әбдірашевтің «Fake-овый арман» фильмі 27 ақпаннан бастап прокатқа шығады

Мәдениет 07.02.2025, 13:37 806
Рүстем Әбдірашевтің «Fake-овый арман» фильмі 27 ақпаннан бастап прокатқа шығады
Ұлттық кино орталығы

Қазақстандық белгілі режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Fake-овый арман» атты жаңа картинасы 27 ақпанда прокатқа шығады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Туынды қазақтың ұлттық «Көкпар» ойынын жақсы көретін ағайынды екі жігіт Құрмаш пен Баханың өмірі туралы.

«Туынды көкпар десе ішкен асын жерге қойып, бір иығын беріп тұратын жігіттердің тартысын суреттейді. Шығармашылық ұжым ұлттық фильмде ұлттық құндылықтардың көрініс табуына ерекше басымдық берді. Қазақылықтың иісі аңқыған туынды көп ұзамай прокатқа шығып, көрерменге ұсынылатын болады», – деді режиссер.

Фильм желісі бойынша ағайынды Баха пен Құрмашты батылдар мен ептілер ойнайтын көкпар сайысының еркіндігі өзіне тартады. Ағайындылардың кішісі Құрмаш курьер болып жұмыс істейді. Құрмаштың күнделікті жұмысы арқылы көрермен курерьлік істің барлық шындығын бағамдайды. Ал ағасы Баха ауылда тұрады, ол – кішігірім шаруашылықты дөңгелетіп отырған үйдің үлкені.

Ағайынды екі жігіттің өз өмірі, махаббаты мен армандары, оған жететін өзіндік жолы бар. Олар сол мақсатына қол жеткізе ала ма, әлде шынайы құндылықтар арзандаған, гаждет-смартфондар әлемінде аялаған армандары алдамшы болып қала ма, оны фильмнің соңы көрсетеді.

 Фильм Ақпарат және мәдениет министрлігі, Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген. Сценарийін жазған Рүстем Әбдірашев пен Ғазиз Насыров. Картинаның продюсерлері – Мәдина Есманова және Азат Жапеков. Басты рөлдерде ойнағандар: Ербол Семқұлов, Олжас Тоғымбет ,Ержан Түсіпов, Ақбота Әбдібек және Светлана Тарасова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кино #Рүстем Әбдірашев #Fake-овый арман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қазақ лингвистикасы цифрлық дәуірге аяқ басты

Бүгін 14:14

Алматылық ғалымдар: ғылымға бөлген ақша – елдің болашағына салған инвестиция

Бүгін 14:01

Алматының Бас жоспары аумақтарды кешенді түрде жаңғыртуды көздейді – қала әкімінің орынбасары

Бүгін 12:39

Қазақстан су тапшылығын ЖИ-мен еңсермек: Алматыда DeepBAS жобасы таныстырылды

Бүгін 12:36

Алматы хайуанаттар бағында үш кенгуру төлі дүниеге келді

Бүгін 12:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика