Алматы көлік прокуратурасы көлік инфрақұрылымы нысандарына, ғимараттар мен құрылыстарға тиісті рұқсатсыз граффити және өзге де жазбалар салу құқық бұзушылық болып саналатынын ескертеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Рұқсатсыз граффити және өзге де жазбалар салу құқық бұзушылық болып табылады және заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.
Вандализм қаланың сыртқы келбетіне ғана зиян келтіріп қоймай, бүлінген нысандарды қалпына келтіруге қосымша шығындарды талап етеді. Сондай-ақ заманауи бейнебақылау құралдары осындай құқық бұзушылықтарды жасауға қатысы бар адамдарды анықтауға мүмкіндік беретінін естен шығармаған жөн.
Қоғамдық кеңістікті, басқа адамдардың еңбегін және біз өмір сүріп жатқан қаланы құрметтеңіз. Тәртіпті сақтау және қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз.