AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Робот адамды өлтіріп қойды

Робот адамды өлтіріп қойды

Әлем 09.11.2023, 04:42 1,459
Робот адамды өлтіріп қойды
Сурет: VCG/Visual China Group/ТАСС

Оңтүстік Кореяда робот адамды көкөніс салынған қораптан ажырата алмай езіп, өлтіріп алған.



40 жастағы робототехника компаниясының қызметкері роботты тексеріп жатқанда жүйе жұмысы бұзылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оңтүстіккореялық Yonhap ақпарат агенттігінің хабарлауынша, робот ер адамды көкөніс салынған қораппен шатастырып, оны ұстап алып, конвейерлік таспаға жақындатып, беті мен кеудесін езіп жіберген.


Қызметкерді ауруханаға жеткізгенімен, аман алып қала алмады.


Yonhap дерегі бойынша, қайғылы жағдай бұрышты сорттау зауытында болған. Қаза тапқан ер адам 8 қарашаға жоспарланған тестілеу алдында робот жұмысын тексеріп жатқан болатын. Робот бұрыш салынған жәшікті көтеріп, паллетке қоюы керек. Әуелі сынақ 6 қарашаға жоспарланған, бірақ роботта қиындықтар туындап, кейінге қалдырылған.


Сәрсенбі күні кешке робот-қолды жасаған компания қызметкері машинаны тексеріп жатқан сәтте жүйеде іркіліс болады.


Зауыт иесі – Donggoseong ауылшаруашылық кешенінің ресми өкілі мәлімдеме жасап, «нақты әрі қауіпсіз» жүйе жасауға шақырды.


Оңтүстік Кореяда наурызда осыған ұқсас жағдай болған. Автокөлік бөлшектерін шығаратын зауыттың 50 жастағы жұмысшысы робот-қолдың жолында қалып, ауыр жарақат алған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#робот #ақау #адам өлімі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Болашақ атомы» халықаралық конференциясы өтті

Бүгін 12:16

АШМ: 2027 жылғы өнімге қажетті тұқым қорының 90%-ы дайындалды

Бүгін 12:00

Шаруаларға астықты кептіруге қосымша 41,3 мың тонна дизель отыны бөлінді

Бүгін 11:56

Алматының Алмалы ауданында көшені тазалау кестесі өзгерді

Бүгін 11:32

Алматының орталығында бірыңғай жаяу жүргіншілер бағыты қалыптасып, тұрғын үйлердің қасбеті жаңарып жатыр

Бүгін 11:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);