AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкі...

Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес

Спорт 22.12.2024, 15:36 761 Nursok82
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
видеодан алынды

Қазақстанның футзалдан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Рикардо Кака Евро-2026 іріктеу кезеңінде Армениямен тең ойын (4:4) туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

— Бұл ойын осы кезеңдегі соңғы сәтсіз матчымыз болады деп үміттенемін. Әлем чемпионатынан кейін біз эмоциялық тұрғыда қалпына келе алмадық. Бұл турнир әлем чемпионаты емес, сондықтан мотивацияны өзіміз табуымыз керек екенін түсіне алмадық. Бұл мәселені шешу үшін жұмыс жасауымыз қажет, — деді Кака.

Кака құраманың эмоциялары Албания мен Армения ойыншыларынан әлдеқайда төмен болғанын атап өтті:

— Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес. Жаңа жылдан кейін біз бұдан да күштірек боламыз деп сенемін.

Сонымен қатар, Кака команданың бірнеше маңызды ойыншысынан айырылғанын айтты:

— Кнауб пен Ақбаликов жарақатына байланысты алаңға шыға алмады. Лео да отбасылық жағдайға байланысты тез арада үйіне қайтуға мәжбүр болды. Отбасы бәрінен маңызды, сондықтан оны босаттым.

Каканың айтуынша, Қазақстан құрамасы үшін жағдай әлі де қолайлы:

— Барлық команданың өз қолында мүмкіндігі бар. Егер Қазақстан мен Армения қалған матчтарын жеңсе, тікелей Евро-2026-ға жолдама алады.

Ол жанкүйерлерге жеңіс сыйлай алмағанына іштей өкінеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #жетістік #бапкер #футбол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);