AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау 2026 / Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Батыс ж...

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Батыс жылу кешенінің ұжымымен кездесті

Сайлау 2026 Бүгін 19:11 21
Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Батыс жылу кешенінің ұжымымен кездесті
Фото: adilet-partiyasy.kz

Кездесуде энергетика саласын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар Батыс жылу кешенінің еңбек ұжымымен кездесті. Басқосуда энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыру және сала қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту мәселелері талқыланды.

Кездесуге «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар, Әуезов аудандық сайлауалды штабының мүшелері және кәсіпорын қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында кандидаттар партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Коммуналдық желілерді жаңарту, жылумен жабдықтау жүйесінің тиімділігін арттыру және қала тұрғындарын коммуналдық қызметтермен тұрақты қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар еңбек құқықтарын қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, энергетика саласы мамандарын әлеуметтік қолдау және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мәселелері қозғалды.

«Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Алтынай Кобеева энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мен сала қызметкерлерін қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

«Тұрақты жылумен қамтамасыз ету - қала тұрғындарының жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруінің маңызды шарттарының бірі. Жүйенің үздіксіз жұмыс істеуінің артында мыңдаған маманның күнделікті еңбегі тұр. Сондықтан инфрақұрылымды жаңғырту еңбек жағдайларын жақсартумен, өндірістегі қауіпсіздікті күшейтумен және қызметкерлерді әлеуметтік қолдаумен қатар жүруі тиіс. Инженерлік желілерді жаңартумен бірге қаланың тіршілігін қамтамасыз ететін мамандарға лайықты еңбек жағдайын жасау да маңызды», - деді Алтынай Кобеева.

Жиын қорытындысында кандидаттар қалалық инфрақұрылымды жаңғырту және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру мәселелерін талқылауда еңбек ұжымдарының ұсыныстарын ескерудің маңыздылығын атап өтті.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.                                    

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51

Тараз перзентханасында бір күнде төрт ана егіз босанды

Бүгін 17:29

Маңғыстау облысында Президент Жолдауы талқыланды

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);