AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Ресеймен әріптестік Қазақстандағы білім саласының...

Ресеймен әріптестік Қазақстандағы білім саласының дамуына елеулі үлес қосады – Президент

Билік 10.02.2022, 16:23 1,183
Ресеймен әріптестік Қазақстандағы білім саласының дамуына елеулі үлес қосады – Президент
inform.kz

Ресеймен әріптестік Қазақстандағы білім саласының дамуына елеулі үлес қосады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесі Владимир Путинмен өткен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдемесінде осылай деді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Оның айтуынша, екі ел арасындағы өзара тиімді сауданың үлесі 70 пайызға жуықтаған.



«Қазақстан мен Ресейдің өнімді серіктестігі жаңа инновациялық өсімдер есебінен ұдайы кеңейіп жатыр. Бүгін екі елдің цирфландырудың, ғарышты игеру мен атом энергетикасы саласында мамандар даярлаудың өзекті мәселелері бойынша айтарлықтай алға жылжуына мүмкіндік беретін бірқатар құжаттарға қол қойылды», - деді Қазақстан басшысы.



Сондай-ақ, Мемлекет басшысы көрші елдің техникалық жоғары оқу орындарының әлеуетін біздегі маман тапшылығын шешуге оңтайлы пайдалануға болатынын атады.



«Қазақстанда инженерлік-техникалық бейіндегі жоғары білікті мамандардың сұранысқа ие екенін ескере отырып, білім беру саласындағы әріптестікке ерекше мән берілді.


Мен бүгінгі келіссөздер барысында құрметті Владимир Владимировичке Ресей Федерациясының ең танымал жоғары оқу орындарының, бірінші кезекте, техникалық жоғары оқу орындарының филиалдарын Қазақстанға бағыттауға келіскені үшін ризашылық білдірдім. Бұл филиалдар біздің елдегі білім саласының дамуына елеулі үлес қосады деп ойлаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақастан #Ресей #келісім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);