конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Референдум-2026: Алматыда дауыс беру учаскеңізді қ...

Референдум-2026: Алматыда дауыс беру учаскеңізді қалай білуге болады

Әлеумет 24.02.2026, 09:15 673 Дина
Референдум-2026: Алматыда дауыс беру учаскеңізді қалай білуге болады
фото: ашық дереккөз

Алматы тұрғындары үшін 2026 жылы 15 наурызға белгіленген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына қатысты жалпыұлттық референдум жөнінде ақпарат беретін бірыңғай Call-орталық іске қосылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Call-орталық азаматтарды референдум туралы жан-жақты ақпараттандыруға және дауыс беру үдерісіне тартуға бағытталған. 1308 қысқа нөміріне хабарласу арқылы тұрғындар өздерінің референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізіміне енгізілген-енгізілмегенін тексеріп, сондай-ақ дауыс беру учаскесінің нөмірі мен мекенжайын нақтылай алады.

Қоңырау барысында операторлар азаматтардың құқығы мен мүмкіндіктеріне, дауыс беру тәртібіне және референдум күні учаскелердің жұмыс тәртібіне қатысты заңнамалық талаптарды түсіндіреді.

Call-орталық күн сайын, демалыссыз және үзіліссіз, сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін, дауыс беру аяқталғанға дейін жұмыс істейді.

Дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты Алматы әкімдігінің open-almaty.kz ресми сайтынан, сондай-ақ @almaty_referendum2026_bot Telegram-боты арқылы алуға болады. Ол үшін жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу қажет.

Еске салайық, референдум 2026 жылы 15 наурызда өтеді. Алматыда барлығы 654 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Толық ақпарат қала әкімдігінің ресми сайтында жазылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Төрегелді Шармановтың ұлы Астана медицина университетіне әкесінің есімі берілуіне байланысты Президентке алғыс білдірді

Бүгін 12:11

Алматыда Республика алаңын көріктендіру аяқталды

Бүгін 11:58

Алматы-1 теміржол вокзалын реконструкциялауға 500-ден астам маман жұмылдырылған

Бүгін 10:09

Қазақстан парламентіне 30 жыл коллекциялық күміс монетасы ертеңнен сатыла бастайды

Бүгін 09:09

Құрылтай және жаңа Конституция: Астанада сарапшылар кездесуі өтті

Бүгін 09:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);