ffin.kz

Рақмет саған, донор !

Рақмет саған, донор ! almaty-akshamy.kz

Қазіргі уақытта адамдардан қайырым кетіп барады, қатыгезденіп кеттік дегенді жиі айтатын болдық. Бірақ, жүректері   ізгілік пен мейірімділікке толы жандарды көргенде, бұл сөзіміздің  жансақ айтылғанын мойындауға тура келеді. Жақсы адамдар жанымызда көп екен. Оны Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты   шаруашылық жүргізу құқындағы «Қалалық қан орталығы» коммунальдық мемлекеттік мекемесінің құрметті донорларын, оларға деген тұрғындардың құрметін көргенде анық көз жеткіздік.


Қан арқылы адамға өмір сыйлаудың үлкен адамгершілік пен азаматтық, ізгілікті де қайырымды іс екенін білген адамдар өз еріктерімен донор болуға келісім беріп, тіпті оны өздерінің өмірлік қағидаларына айналдырып келе жатқандары қаншама?! Ал ондай адамдар Алматы қаласында да жетерлік. 2005 жылдан бері аталып келе жатқан бұл күнді Алматы қалалық қан орталығы да назардан тыс қалдырмай, қайырымды іс атқарып жүрген тұрақты донорларына құрмет көрсетіп келеді.


Биыл да орталық басшылығы құрметті донорларының басын қосып, қан арқылы адамдарға өмір сыйлап жүрген абзал азаматтарға рақметтерін айтып, қанға мұқтаж жандардың атынан алғыстарын жеткізді. 


Донорларды құрметтеуге арналған салтанатты жиынға Алматы қаласы  әкімінің орынбасары  Әсем Бекқызы Нүсіпова, «Аманат» партиясының Алматы қаласы бойынша филиалының төрағасы Мейіржан Отыншиев, мәслихат депутаттары  С.Конкуров,  А.Қодасбаев, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Назгүл  Иманғалиева қатысып, донорларға деген ыстық ілтипаттарын білдіріп, оларды қалалық Қан орталығының Алғыс хаты және бағалы сыйлықтарымен, орталық арнайы шығарған «Мен донормын!» төсбелгісімен марапаттады.


Алматы жұртының құрметіне бөленген құрметті донорлардың қатарында В.Пугачев, М. Шанжос, Е.Дягилев, Е.Ступко, Е. Әбенов, А. Жұма, Т.Худаев, Н.Абай, М.Боровиков, И.Аманбай секілді  тұрақты қан донорлары бар. Донорларды құттықтаған Алматы қаласы әкімінің орынбасары  Әсем Бекқызы Нүсіпова:



- Сіздер біз үшін өте қымбат жансыздар. Қан тапсыру арқылы қаншама адамға, оның ішінде сәбилер мен өмірге перзент әкеліп жатқан аналарға, қанға мұқтаж науқас жандарға өмір  сүру бақытын  сыйлап жүрсіздер, сол ерліктеріңізге бас иеміз, қадірлі біздің донорлар. «Рахмет саған донор!» деген адамдардың жүрекжарды алғысы сіздерге деген құрметтің  үлкені, аман болыңыздар, қатарларыңыз көбейсін, - деп өзінің ақжарма тілегін жолдады.



Жиын соңында қала әкімінің орынбасары, мәслихат депутаттары Қан орталығын аралап көріп, орталықтың күнделікті атқаратын жұмыстарымен танысты. «Аманат» партиясының  төрғасы Мейіржан Отыншиев бастаған мәслихат депутаттары мен филиал қызметкерлері қан тапсырып, 14 маусым - Донорлар күніне орай «Аманат» партиясының Наурызбай аудандық филиалы  бастаған қалалық «Мейірімділік - қанымызда!» акциясына өз қолдауларын білдірді. «Мейірімділік қанымызда» қалалық акциясы қаламыздағы «Аманат» партиясының барлық филиалдары мен бастауыш ұйымдарында 16 маусымға дейін жалғаспақ. Бұл бастамаға сіз де үлес қоса аласыз.


«Қан тапсырып, өмірге сүруге үміт сыйлаңыз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32