Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Рамазан айына орай мәжіліс өтті

Рамазан айына орай мәжіліс өтті

Өмір-өзен 03.03.2022, 12:15 2,027
Рамазан айына орай мәжіліс өтті
Сурет: ҚМДБ

3 сәуір күні мұсылман қауымға қасиетті Рамазан айы басталады.


Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген төралқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚМДБ-ға сілтеме жасап.


Алда келе жатқан Рамазан айына дайындықты пысықтау мақсатында өткен мәжіліске наиб мүфтилер, Бас мүфти кеңесшілері, бөлім басшылары және 19 өкілдіктің бас имамы қатысты.


Жиында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы баяндама жасап, ұлық айда атқаратын жұмыстарды жүйелеп, тыңғылықты дайындық жасап, оразаның қадір-қасиетін жамағатқа көбірек насихаттауға шақырды.



Наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы пітір садақасы, зекет, підияның биылғы мөлшері, Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков құран хатым оқу топтарын бекіту, қариларды мешіттерге бөлу, уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Рамазан айында онлайн және офлайн дәрістер, уағыз-насихаттар және тарауық намазын өткізу жайлы баяндама жасады.



Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы Рамазан айында дәрістер, сұхбаттар, тікелей эфирлер ұйымдастырып, БАҚ беттерінде ұлық айдың насихатын күшейту, ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары Нұрбек Есмағанбет ақсақалдар кеңесінің алдағы жұмысын ілгерілету, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат Қыдырмин Рамазанда атқарылатын қайырымдылық шаралары, қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов мешіттерге атау беру және кіші қажылық жұмыстарының жай-жапсары, «MUNARA TV» телеарнасының директоры Нұржан Дарқұлов Рамазан айында көрермендер көңілінен шығатын бағдарламалар ұйымдастыру жайлы баяндаса, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мажиев Рамазан айында облыстардағы өкілдіктерде атқарылатын іс-шаралардың негізгі жоспарын таныстырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#рамазан #ҚМДБ #Мәжіліс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика