AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Рабатта Әл-Фарабидің балалық шағы мен өміріне арна...

Рабатта Әл-Фарабидің балалық шағы мен өміріне арналған көрме ашылды

Мәдениет 03.02.2026, 19:01 358 dulatbekova
Рабатта Әл-Фарабидің балалық шағы мен өміріне арналған көрме ашылды
Сурет: ИСЕСКО

Марокко Корольдігінің астанасы Рабат қаласында, 2026 жылғы 2 ақпанда Дүниежүзілік исламдық білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ИСЕСКО) штаб-пәтерінде белгілі қазақстандық суретші, кескіндемеші Жанұзақ Мұсапирдің «Әл-Фарабидің балалық шағы мен өмірі» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Көрме ИСЕСКО мен Қазақстан Республикасының Мароккодағы Елшілігінің әріптестігі аясында ұйымдастырылып, ұлы мұсылман философы әрі ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасын көркем өнер арқылы кеңінен танытуды мақсат етеді. Экспозицияда ойшылдың балалық шағы, ғылым жолындағы ізденісі және ислам өркениетіне қосқан үлесі бейнеленген.

Ашылу рәсіміне Рабатта аккредиттелген бірқатар елшіліктердің өкілдері, сондай-ақ әлемге танымал суретшілер мен мәдениет қайраткерлері қатысты. Салтанатты жиында ИСЕСКО Бас директоры доктор Салим М. әл-Маликтің атынан оның орынбасары доктор Абделила Бенарафа сөз сөйледі. Ол бұл көрменің ИСЕСКО мен Қазақстан арасындағы мәдени ынтымақтастықтың жаңа бағыты екенін атап өтіп, әл-Фарабидің адамзат ойының қалыптасуына сіңірген өлшеусіз еңбегін жоғары бағалады.

Бас директордың айтуынша, әл-Фараби – энциклопедиялық білім иесі, даналығы, ғылымға тереңдігі, әдебиет пен музыкаға деген ерекше қызығушылығымен ерекшеленетін ұлы тұлға. Ал Жанұзақ Мұсапирдің бұл көрмесі көрермендерді ойшылдың өміріндегі маңызды кезеңдер арқылы рухани-сапарға жетелеп, оның мұрасын сақтауға және кең аудиторияға жеткізуге ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстанның ИСЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Саулекүл Сайлауқызы көрменің екі тарап арасындағы ерекше серіктестікті айқындайтынын атап өтті. Оның айтуынша, көрме келушілерге әл-Фарабидің ислам әлеміндегі ой дамуына қосқан үлесін өнер тілі арқылы тануға мүмкіндік береді. Елші суретшінің еңбектері әл-Фарабидің өмірі мен зияткерлік жолына терең рухани өлшем бергенін айтты.

Өз кезегінде суретші Жанұзақ Мұсапир бұл туындылар арқылы әл-Фарабидің философиялық, гуманистік және рухани ілімінің негіздерін ашуға, оның мәңгілік идеяларын көрсетуге ұмтылғанын жеткізді. Сондай-ақ ол көрмеге қойылған, әл-Фарабидің өмірін бейнелейтін барлық картиналарды ИСЕСКО-ға сыйға тартатынын мәлімдеді. Бұл қадам Қазақстан мен Ұйым арасындағы мәдени байланыстардың беріктігін айғақтайды.

Іс-шара соңында Қазақстанның Ұлттық өнер академиясы ИСЕСКО Бас директоры доктор Салим М. әл-Маликке және ұйымның бірқатар басшыларына интеллектуалдық тұлғаларды дәріптеуге және адамзат мұрасын келер ұрпаққа сақтауға қосқан үлесі үшін құрмет грамоталарын табыстады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Рабат #Әл-Фараби #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);