AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қызылордалық өнертапқыш Алматының ауасын жақсартуғ...

Қызылордалық өнертапқыш Алматының ауасын жақсартуға арналған құрылғы жасады

Өмір-өзен 14.10.2021, 13:18 1,480
Қызылордалық өнертапқыш Алматының ауасын жақсартуға арналған құрылғы жасады
Сурет: Inform.kz

«Оазис» ауа тазартқыш құрылғысын жасап шығаруға Мараттың үш жыл уақыты кеткен.


Қызылорда қаласының тұрғыны Марат Палмахов Алматының ауасын жақсартуға өз үлесін қоспақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қазақпарат агенттігіне жас өнертапқыш Алматы экологиясын жақсарту туралы идея қайдан келгенін айтты.



«Бұл идея маған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтіп жатқанда, экологиялық жобаларды көрген кезде келді. Сол кезде мен «Мәңгілік қозғалтқыш» деп аталатын жобамның прототипін әзірлеп жатқан болатынмын», - дейді Марат.



Ал жобалық «Оазис» ауа тазартқыш құрылғысын жасап шығаруға Мараттың үш жыл уақыты кеткен. Марат оның қызметі және орнату жолдарымен бөлісті.



«Ауа тазалағыш құрылғыларды қалада орнату үшін биік ғимараттардың үстіне оларды және насостарды бірге орнату керек. Құрылғы ауаны түгелдей циркуляция жасап, ауыстырады. Яғни, агрегат лас ауаны толығымен тартып алып, насосқа жібереді. Насос ауаны тазалап, ауа айналымы бар жаққа тасымалдайды»,- дейді ол.



Мараттың айтуынша, әлемде бұл құрылғыға ұқсас аналог жоқ, себебі, оның ауқымы үлкен, бүкіл қаланы қамтымақ. Сондай-ақ, ол 12 ай, аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы үзіліссіз жұмыс істемек. Климатқа тәуелді емес. Өнертапқыш Мараттың асқақ арманы да бар екен.



«Болашақта Қазақстанның экологиялық таза және алдыңғы қатарлы ел болуына үлес қосқым келеді. Тек шет елде ғана емес, біздің жерімізде де мықты «милар» мен жобалар бар екенін әлемге көрсетіп, мойындатқым келеді»,- дейді Марат.



Ал әзірге бүгінгі жобасын Алматы қаласында жүзеге асырғысы келеді. Бірақ, ол үшін іс-қимыл еркіндігі, сынақ жүргізуге ғимарат, қаржылық және техникалық қолдау қажет екенін де жасырмайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ауа #райы #құрылғы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика