AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / QYZPU профессорлары «құрмет» орденімен марапатталд...

QYZPU профессорлары «құрмет» орденімен марапатталды

Әлеумет 11.03.2025, 10:57 721 Nursok82
QYZPU профессорлары «құрмет» орденімен марапатталды
QYZPU

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессорлары Айнагүл Ершина мен Дина Абдыкадырова бар, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 

Айнагүл Қапасқызы Ершина – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Жарты ғасырға жуық ғылыми-педагогикалық қызметінде жылуфизика, гидроаэромеханика салалары бойынша зерттеулер жүргізіп, жел турбиналарының аэродинамикалық сипаттамаларын жетілдіруге елеулі үлес қосты. 150-ден астам ғылыми мақаланың, бірнеше оқулық пен өнертабысқа патенттің авторы. Ғылыми еңбектері Scopus базасында индекстелген.

 

 

Профессор ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері. Сондай-ақ, Қ.И. Сәтбаев атындағы І сыйлықтың, «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің, «Ұлағат» күміс медалінің иегері. 2024 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

Дина Рахимовна Абдыкадырова – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, 50 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі маман. Ол дене шынықтыру және спорт саласында 50-ден астам ғылыми мақала мен әдістемелік құралдар әзірледі. Ұзақ жылдар QyzPU Дене шынықтыру және спорт кафедрасын басқарып, Азия, Әлем және Олимпиада чемпиондарын тәрбиеледі.

 

 

Ғылым мен білімге сіңірген еңбегі үшін «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен, «Құрмет белгісі» медалімен марапатталған. 2002 жылы Халықаралық ғылыми-педагогикалық білім академиясының корреспондент-мүшесі, ал 2009 жылы QyzPU академиялық профессоры атанды.

 

QyzPU профессорларын мемлекеттік марапатпен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз елене берсін, абыройларыңыз арта берсін!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Марапат #білім #дәреже
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44

Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовті құттықтады

Бүгін 14:03

Алматыда Олжас Сүлейменовтің 90 жас мерейтойы аталып өтті

Бүгін 13:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);