AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / QyzPU-да өткен семинарда психология мамандығының м...

QyzPU-да өткен семинарда психология мамандығының маңызы талқыланды  

Әлеумет 03.03.2025, 12:34 986 Nursok82
QyzPU-да өткен семинарда психология мамандығының маңызы талқыланды   
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Педагогика және психология институты, Психология кафедрасының бағдарлама көшбасшысы Топанова Гүлмира Туяққызы мен профессорлық-оқытушылық құрамының ұйымдастыруымен «PsyLab: Кәсіби дағдылар мен тәжірибе алаңы» атты бірегей көпформатты семинар өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

 

Семинарға педагогика мен психология саласының мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, білім беру ұйымдарының жетекшілері мен психологтары, стейкхолдерлер, құқық қорғау органдарының өкілдері, студенттер мен жас мамандар қатысты.

 

«PsyLab: Кәсіби дағдылар мен тәжірибе алаңы» шарасының мақсаты – студенттер мен мамандарға кәсіби тәжірибе алмасу мүмкіндігін ұсыну, психология және педагогика саласындағы соңғы жетістіктер мен тәжірибелермен таныстыру, болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіру және оларды саладағы жетекші мамандармен таныстырып, мансаптық бағыттарын айқындауға көмек көрсету.

 

«Бүгінгі семинардың  негізгі бағыты – жұмыс берушілер мен әртүрлі саладағы психолог мамандармен кәсіби кездесіп, тығыз байланыс орнату, студенттеріміздің оқуын тәмамдағаннан кейін жұмысқа орналасуына жол көрсету. Яғни, білікті мамандардың кеңестерін тыңдай отырып, студенттер өздерінің болашақ бағдарларын айқындай алады. Шараға келген барлық стейкхолдерлерге айтар алғысымыз шексіз»,-деді QyzPU Педагогика және психология институты, Психология кафедрасының оқытушысы Інкар Кеңесбекова.

 

Семинарда білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтың рөлі, білім беру жүйесіндегі маңызы, балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеудің ерекшеліктері таныстырылды. Сондай-ақ жас маманға қойылатын талаптар, жұмыс берушілердің күтетін дағдылары және білім беру саласындағы мансаптық мүмкіндіктер туралы сөз қозғалды. Инклюзивті білім беру мен ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істейтін психологтардың қазіргі уақытта сұранысқа ие мамандықтардың бірі екендігі айтылды.

Кездесуде Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбиелік, әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бас маманы, ҚР ІІМ ҚАЖК әділет подполковнигі Шынар Хусайнова кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, өз саласындағы кездесетін қиындықтар мен қызықты сәттері туралы айтып, студенттерді осы салада жұмыс істеуге шақырды.

 

«Бүгін Қазақ ұлттық қыздар университетіне келіп, қылмыстық атқару жүйесінің маңыздылығын түсіндірдім. Қоғам болған соң, әртүрлі адам болады. Біздің жұмысымыздың маңыздылығы – қылмыс жасап, бас бостандығынан айыру орындарына түскен азаматтарға тәрбиелік және психологиялық көмек көрсетіп, оларды бостандыққа шығуға дайындау. Бұл мамандықтың маңызы өте жоғары. Сол себепті, болашақ психолог мамандығында білім алып жүрген студенттерді осы салада білікті маман болуға шақырамын»,-деді Шынар Хусайнова.

Кездесуде студенттер кәсіби мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

 

«Бүгін психология саласындағы көптеген мамандармен танысып, құнды ақпарат алдым. Бұл кездесу менің мамандығыма деген қызығушылығымды арттыра түсті. Мамандығымның қоғамдағы маңыздылығына көз жеткіздім. Біз үшін осындай кездесу ұйымдастырған ұйымдастырушыларға алғыс айтамын», – деді «Психология» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Әсел Елтаева.

 

Бұл семинар студенттер мен жас мамандарға психология саласындағы кәсіби тәжірибе алмасуға, өз мансаптарын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Шараның нәтижесінде қатысушылар өздерінің болашақ кәсіби бағыттарын айқындап, психология мен педагогика саласындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы маңызды ақпарат алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#психология #білім #Студент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44

Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовті құттықтады

Бүгін 14:03

Алматыда Олжас Сүлейменовтің 90 жас мерейтойы аталып өтті

Бүгін 13:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);