AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Qyzpu Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық универс...

Qyzpu Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетімен меморандумға қол қойды

Әлеумет 06.03.2025, 11:12 682 Nursok82
Qyzpu Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетімен меморандумға қол қойды
Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазақстан мен Әзербайжан жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған маңызды қадам жасады.  Әзербайжанның АДА университетінде Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Әзербайжанның Ғылым және білім министрі Эмин Амруллаев, сондай-ақ екі елдің жоғары оқу орындарының ректорлары бас қосты.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек екі ел арасындағы жоғары білім мен технологиялар саласындағы ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашылғанына тоқталды. Саясат Нұрбек Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы бауырластық қатынастар білім беру және ғылыми ынтымақтастықта да өз көрінісін табуы тиіс екенін айтты. Министр қазіргі таңда екі елдің жоғары оқу орындарымен серіктестік жоспары мен инновациялық тәсілдерді жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Әзербайжан Республикасының Ғылым және білім министрі Эмин Амруллаев Әзербайжан мен Қазақстан арасында білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту маңызды екенін айтты.

Дөңгелек үстел барысында 40 меморандумға қол қойылды, оған екі елдің 17 университетінің өкілдері қатысты.

QyzPU делегациясы Басқарма төрағасы – ректор Гүлмира Қанайдың басшылығымен Әзербайжан Мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Джафар Джафаровпен және Баку Еуразия университетінің ректоры Саявуш Гасымовпен кездесіп, ынтымақтастықты дамытуға бағытталған меморандумдарға қол қойды.

Меморандумдар университеттер арасындағы әріптестікті нығайтып, академиялық ұтқырлық бағдарламалары мен білім алмасу мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. Тараптар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылым мен мәдениет, ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.

Бұл келісімдер студенттер мен оқытушылардың өзара тәжірибе алмасуына, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға және білім сапасын арттыруға тың серпін береді. Сонымен қатар академиялық ұтқырлық бағдарламасы жастарға халықаралық деңгейде білім алып, мәдени тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасайды.

4-5 наурыз аралығында Баку қаласында «Study in Kazakhstan» шетелдік жастарды Қазақстанда білім алуға шақыруға арналған жәрмеңке өтті.  Қазақстан мен Әзербайжанның білім беру саласындағы ынтымақтастығы болашақта да нығая түспек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #Меморандум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44

Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовті құттықтады

Бүгін 14:03

Алматыда Олжас Сүлейменовтің 90 жас мерейтойы аталып өтті

Бүгін 13:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);