AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қытайлық әуекомпания Ханчжоу – Алматы бағытында ұш...

Қытайлық әуекомпания Ханчжоу – Алматы бағытында ұша бастады

Әлеумет 08.09.2023, 14:17 1,198
Қытайлық әуекомпания Ханчжоу – Алматы бағытында ұша бастады
Сурет: ААК баспасөз қызметінен

2023 жылғы 7 қыркүйекте қытайлық «Loong Airlines» әуекомпаниясы Ханчжоу – Алматы бағыты бойынша алғашқы жолаушылар рейсін орындады, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Азаматты авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту, халықаралық рейстер санын ұлғайту және жаңа шетелдік авиакомпанияларды тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.


Осылайша, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы авиациялық биліктерінің бірлескен жұмысының арқасында 2023 жылғы 7 қыркүйекте қытайлық «Loong Airlines» әуекомпаниясы Ханчжоу - Алматы бағыты бойынша алғашқы жолаушылар рейсін орындады. Рейстер «А321» үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен орындалатын болады.


Жаңа әуе тасымалдаушының Қазақстан Республикасының әуе тасымалы нарығына кіруі, сондай-ақ жаңа әуе бағыттың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.


Ханчжоу қаласы-Чжэцзян провинциясының астанасы. Қала халқы 10 миллион адам. 2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында қалада 19-шы Азия ойындарын өткізу жоспарлануда. Ханчжоу қаласының әуежайы-Қытайдағы ең көп жұмыс істейтін 10 әуежайдың бірі. «Loong Airlines» - 2011 жылдан бастап жолаушылар мен жүк тасымалдайтын қытайлық авиакомпания. Авиакомпанияның флоты «А321» (жолаушылар) және «Б737» (жүк) типті 70 ұшақтан тұрады.
Бүгінгі таңда «Loong Airlines» 170-тен астам қаладан 600 ішкі және халықаралық жолаушылар және жүк бағыттары бойынша тасымалдауды орындайды.


Әуе компания Ханчжоу қаласында өтетін 19-шы Азия ойындарының ресми серіктесі болып табылады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қытай #ұшақ #Әуекомпаниясы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда су үнемделетін алқаптар көлемі үш есеге жуық өсті

Бүгін 09:26

Тоқаев Путинге құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 09:18

Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға 1 млн-нан астам тұрғын мен қонақ қатысты

Бүгін 09:11

Қала күні: «Әнім сенсің, Алматы!» атты мерекелік концерті өтті

Кеше 20:06

ҮШІНШІ АЛТЫН! ЖОЛАМАН БИГАБЫЛ КАРАТЭДЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Кеше 17:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);