AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қытайда тұрып қалған контейнерлер елге жеткізілед...

Қытайда тұрып қалған контейнерлер елге жеткізіледі

Әлем 12.04.2022, 05:26 1,262
Қытайда тұрып қалған  контейнерлер елге жеткізіледі
Сурет: Мarket.kz

Subaru Kazakhstan ЖШС контейнерлері Қытай аумағында 5 ай тұрып қалған.


Кәсіпкерлерден Қытайда тұрып қалған контейнерлерге қатысты шағымдар 2020 жылдан бастап түсіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.


Былтырдан бері Қытайда тұрып қалған қазақстандық 1300-ге жуық контейнер Қазақстанға келіп, әрі қарай бизнесмендердің келісімшарттық міндеттемелеріне сәйкес басқа елдерге бет алды.  


«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының дерегінше, бүгінде Қытай 45 контейнерді Ляньюньган портынан шығару жөніндегі жоспарға қосты, тағы 96 контейнер Қазақстан шекарасына жол тартты. Subaru Kazakhstan ЖШС контейнерлері Қытай аумағында 5 ай тұрып қалған. Жақын күндері контейнерлер Қазақстанға жетті. Жүктердің кешігуі компания үшін қосымша шығын болды.



«Компаниямыз сапалы бөлшектерді Жапониядан сатып алады. Қытаймен шекарада бөлшектердің тұрып қалуына байланысты қаржылай шығындар өсті. Бұл жайт техниканың бастапқы құнына теріс әсер етеді. Сонымен қатар біз Subaru-дың ресми дистрибьюторымыз және зауыттан кепілдік береміз. Демек, қосалқы бөлшектерді жеткізудегі кез келген кідіріс клиенттерімізді күтуге, ал бізді олардың алдындағы міндеттемелерімізді бұзуға мәжбүр етеді», – деді Subaru Kazakhstan ЖШС директоры Ақылбек Анарбаев.



«Атамекен» ҰКП мәліметінше, Қытайдан жүк тиелген контейнерлер елге келе жатыр.  Ұлттық палата осы тұрып қалған жүктер туралы деректерді 2021-2022 жылдар аралығында салалық ведомстволар мен «Қазақстан темір жолы» компаниясына хабарлаған.



«Қазір біз оң динамиканы байқап отырмыз. Ұлттық палата 1342 контейнер туралы деректермен тағы бір тізімді жіберді. Сол тізімдегі тұрып қалу мерзімі тым ұзарып кеткен. Шекарада 1-ден 4-ке дейін контейнері бар шағын және орта бизнес субъектілерінің жүктері 6-7 айдан аса уақыт тұрып қалды. Бұл тізім бойынша ілгерілеуді көріп отырмыз», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қытай #контейнер #Атамекен
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);