Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қытайда қазақстандық өнімдерге сұраныс артқан

Қытайда қазақстандық өнімдерге сұраныс артқан

Экономика 01.07.2023, 07:57 1,415
Қытайда қазақстандық өнімдерге сұраныс артқан
Сурет: видеодан алынды

Қытайдағы электронды сауда алаңында қазақстандық өнімдерге сұраныс артты.


Биыл мамыр айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрші елге сапары кезінде ұлттық павильонымызды ашқан еді. Сапалы өнімдеріміз дүкен сөрелерінде көп тұрмайды. Жұрт жаппай алып кететін көрінеді,  деп  хабарлайды Almaty -akshamy. kz.
24.kz ақпаратына сай, онлайн ұлттық павильонымызда ұн, өсімдік майы, түйе сүті, шай сияқты 20 шақты өнім сатылады. Жергілікті тұрғындардың қазақстандық тауарларға деген ықыласы ерекше. JD электрондық сауда алаңында қазақстандық павильонның ашылғанына 1,5 айдай болды. Оны құрған қытайлық бірлестік әлемдегі 500 ірі компанияның ішінде 46-шы орында тұр. Онлайн дүкеннің тұтынушылары 600 миллионнан асады.


«Қазақстандық павильон ашыла салысымен тауардың 80 пайызы 1 сағаттың ішінде сатылып кетті. Қазір қазақ өнімдері бөліміне жазылушылар саны 110 мыңға жуықтады. Біз келешекте ол өнімдерді осы павильонда ғана емес компаниямыздың өзге дүкендеріне сата аламыз»,  - дейді  компания басқармасының төрағасы Чжан Цзянь
Бірлестіктің электрондық сауда алаңында 50-ден астам елдің павильоны бар. Компания өкілдері импорттық тауарларды сатып алғысы келетін тұрғындар қарасы артып келе жатқанын айтады. Бұл таурлардың табиғи таза болуынан дейді мамандар.


«Біздің алаңымызда сатылатын қазақстандық өнімдердің арасынан құрғақ түйе сүті мен ұнды ерекше атап өткім келеді. Қытайда түйе сүті нарығы тез дамып келеді. 9 жыл бұрын оның көлемі 9 миллиард юань еді. Биыл 20 миллиардтан асты. Бірақ өнім тапшы. Қазақстаннан келетін түйе сүті осы сұранысты толтырып жатыр. Ал қазақстандық ұн дәмді әрі экологиялық таза деп саналады»,- дейді  JD Group компаниясының вице-президенті Е. Вэй. 


Қытайда электронды сауда нарығы 31 триллион юаньннан асады. Бұл саладағы ынтымақтастықты кеңейту екі ел арасындағы тауар айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді.           

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32

Алматыда дәмханаға заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика