Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қытайда билейтін, секіретін электромобиль жасалды

Қытайда билейтін, секіретін электромобиль жасалды

Әлеумет 17.04.2023, 11:17 1,057
Қытайда билейтін, секіретін электромобиль жасалды
Сурет: reddit.com сайтынан алынды

Электр көліктерін өндіруші BYD электромобильдерде қолданылатын бірнеше ғажайып технологиясын Yangwang U9 EV суперкарында көрсетті. Тұсаукесерде сары U9 көлігі тек үш дөңгелегімен қозғала алатынын көрсетті. Тікелей эфир кезінде U9 көліктің аспасын (подвеска) еденге түсіріп, қайтадан көтеру арқылы би билеу және секіру қабілетін көрсетті. Қытайлық технологияның таңғажайыбын SlashGear платформасына сілтеме жасап, Aikyn.kz түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


 BYD өзінің хабарламасында U9 жаңа интеллектуалды DiSus корпусын басқару жүйесімен жабдықталғанын айтады. Болжам бойынша, жаңа жүйе жүргізушілерге электр көлігінің аспа жүйесін бақылауға және еш қиындықсыз жүру биіктігін өз қалауы бойынша көтеруге және төмендетуге мүмкіндік береді.


Үш доңғалақпен қозғалу доңғалақ кенеттен жарылып кеткен жағдайда апаттан сақтайтын өмірлік маңызы бар функция деп бағаланып отыр. Ал билейтін көлікке деген сұраныс жастар тарапынан зор болуы мүмкін.


Сарапшылар қандай керемет болса да BYD көліктері үшін Америка Құрама Штаттарының нарығы жабық екені белгілі. Сондықтан АҚШ компаниялары өз нарығындағы электр көліктерін билету үшін ғылыми зерттеулер жүргізіп, ізденіс жасауы керек.


Ал BYD-тің жаңа аспа жүйесі автомобильді шынымен-ақ секірте алады. Мына видеолардың сілтемесі соған дәлел:


 BYD пресс-релизіне сәйкес, DiSus жүйесі толығымен қытайлық инженерлердің тапқан жаңалығы және New Energy Vehicles көліктерінде орнатылуда. Олар DiSus жүйесінің үш түрлі нұсқасын ұсынады: DiSus-C, көліктің демпфингін (көліктегі тербелістерді жасанды түрде басу) басқарудың интеллектуалды жүйесі; DiSus-A, ауа корпусын басқарудың интеллектуалды жүйесі; DiSus-P, көлікті интеллектуалды гидравликалық басқару жүйесі.


Жүйенің қалай жұмыс істейтіні туралы нақты мәліметтер құпия болып саналады. Таныстырылымда сахнаға шығарылған сары суперкар U9, BYD DiSus-X жүйесі деп атайтын жүйемен жабдықталған. DiSus-X корпусын басқару жүйесі мен U9-ның өзіне арналған техникалық сипаттамалар әлі жарияланған жоқ.


BYD сонымен қатар DiSus-C жүйесі BYD Han, Tang және Denza электр көліктері үшін сымсыз жаңарту арқылы қолжетімді болатынын айтады. DiSus-P гидравликалық жүйесі алғаш рет Yangwang U8 жол талғамайтын көлікте орнатылмақшы. Қазіргі уақытта бұл технологияны АҚШ-қа енгізу жоспарлары белгісіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Автомобил #Қытай #зауыт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АБАЙТАНУШЫЛАР СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

Бүгін 19:50

Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі

Бүгін 18:42

Зейнеткерлерге қай ел жайлы?

Бүгін 17:39

Алматыда Жамбыл атындағы кітапхананың мерейтойы мен ақынның 180 жылдығы аталып өтті

Бүгін 17:27

Табысы төмен отбасыларға ақша беріледі деген рас па?

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі