ffin.kz

Қытай: Ұлттық санақ не дейді?

Қытай: Ұлттық санақ не дейді? www.sinodefenceforum.com

Демографиялық тоқырау қауіп-қатер төндіреді


Екі жыл бұрын Қытайда жетінші рет ұлттық санақ жүргізілді. Әлемдік індет пен түрлі кедергілерге қарамастан ұлттық санақ аса жоғары деңгейде өтті. Себебі, Ұлттық статистика бюросы бұл санақта жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен әрі тиімді пайдаланды. Бұрынғы санақтарға қарағанда, мейлінше, дәлірек деректерді топтастыра алды. Нәтижесінде санақ Қытайдағы халық санын ғана дәлірек көрсетіп берген жоқ, елдегі демографиялық салмақты мәселелердің бетін ашты. Дәл сол жылы Қытай халық санының өсімі рекордтық деңгейде төмендеді. Табиғи өсім небары 0,034% болды. Қытай тарихында мұндай төмен өсім көрсеткіші бұдан 60 жылдай бұрын болған. 1958–1962 жылдары төмен әлеуметтік жағдай мен сәтсіз саяси жүрістер 30 миллион адамның өмірін жалмап, табиғи өсім 0,45 пайызға төмендеген.


Соған дейін қытайлық демографтар кері өсім қаупін ескерткен және алаңдаушылық білдірген. Себебі, үрдіс елдің тұрақты да­муына үлкен кедергі келтіреді деген болжам жасалған. Былайша айтқанда, әлемдегі екінші ірі экономика ішкі нарықтық сұраныс пен сатып алу қабілетін жоғалтады. Не бол­маса, өзге де даму үмкіндіктерінен айырыла­ды. Бұл АҚШ экономикасын қуып жетуге тырысқан Қытай арманын күйретеді. Соның алдын алу үшін билік ұзақ жыл жүргізген «жоспарлы туу» саясатынан бас тартты, тіпті түрлі ынталандыру шараларын іске қосты. Бірақ Қытайдың қазіргі демографиялық үрдісіне қарап отырсақ, бұл шаралар қысқа уақытта көмектесуі екіталай. (Бұның мыса­лын 1-, 2- кестелерден көруге болады).



ХАЛЫҚ САНЫ ЖӘНЕ  ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМ


Қытай Ұлттық сатистика бюросының мәліметіне сәйкес, елдегі жалпы халық саны 1 443 497 378 адам (2020 жылғы 1 қарашада­ғы сағат 0.00-дегі есеп). Бұл санға Қытайдың материктік провинцияларымен бірге Гонконг, Макао және Тайвань халқының саны да кі­реді. Материктік аумақтағы халық саны – 1 411 778 724 адам, Гонконгте – 7 474 200 адам, Макаода – 683 218, Тайвань аралында 23 561 236 адам. Демек, Қытай халқы 2010– 2020 жылдар арасында алтыншы ұлттық са­нақ 1 339 724 852 адаммен салыстырғанда 72 053 872 адамға, яғни 5,38 пайызға өскен. 10 жыл ішіндегі орташа табиғи 0,53%.


Этникалық құрамына келгенде, қытайлар (ханьзулар) 1 286 311 334 адам, ел халқының 91,11% құрайды. Әртүрлі этникалық азшы­лықтардың саны 1 25 467 390 адам, яғни 8,89 пайыз. 2010 жылдағыдан қытайлардың саны 60 378 693 адамға (4,93%), этникалық азшы­лықтар саны 11675179 адамға (10,26%) кө­бейген. (Бұлардың арасында қазақтардың саны 1 562 518 адам деп көрсетілген). Қытай­дағы этникалық азшылықтар арасында қазақ­тар 17-ші орында. Саны жағынан қытайдан кейін тұратын чжуан (жуанзу) халқы 19 568 546 адам, ары қарай ұйғырлар – 11 774 538, дүнгендер 11 377 914, мяолар (мяозу) – 11 067 929, мажүрлер – 10 423 303 болып алдың­ғы бестікті тәмамдайды. Бұлардың саны дерлік 10 миллионнан асқандар. Саны 5–10 миллион арасында болатын изу, тужялар, тибет (7 060 731) және моңғолдар (6 290 204) бар. Қытайдың ұлттық құрамы, олардағы жекелеген өсім деңгейіне қатысты ресми де­ректерді саралау бір мұнша уақыт алады. Бұл бағытта алдағы уақыттарда жеке зерттеп кө­руге болады.







































































































































Қытай демографиясы (қазірге дейін)



 



Жыл



Халық саны



Өсу/кему



Орта жас



Туу коэффи­циенті



Урбани­зация (пайыз)



Әлемдік үлес



 



пайыз



Сан



2023



1,425,671,352



-0.02 %



-215,985



39.0



1.19



65.0 %



17.72 %



 



2022



1,425,887,337



0.00 %



-6,128



38.5



1.18



63.8 %



17.88 %



 



2020



1,424,929,781



0.22 %



3,065,750



37.4



1.28



61.4 %



18.17 %



 



2015



1,393,715,448



0.67 %



9,104,816



35.6



1.67



55.6 %



18.77 %



 



2010



1,348,191,368



0.66 %



8,660,761



34.1



1.69



49.6 %



19.30 %



 



2005



1,304,887,562



0.64 %



8,157,699



31.7



1.62



43.1 %



19.90 %



 



2000



1,264,099,069



0.74 %



9,190,929



28.9



1.63



36.4 %



20.56 %



 



1995



1,218,144,426



1.09 %



12,888,035



26.1



1.59



31.5 %



21.21 %



 



1990



1,153,704,252



1.70 %



18,692,855



23.7



2.51



26.9 %



21.70 %



 



Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, 2022 жылы Қытай халқының табиғи өсімі 0-ге жуық төмендеп, азаю үрдісіне аяқ бас­қан. Ал биылдан бастап жүз мыңдап кеміп барады. Халықтың орташа жасы 1990 жыл­ғыдан қарқынды өсіп, 39-ға жетсе, 2050 жылға қарай 50 жастан асуы мүмкін деп болжанады. 30 жыл бұрынғымен салыстыр­ғанда бала туу коэффициенті де 2 есеге азай­ған. Бұл алдағы 30 жылда қайта қалпына келмеуі мүмкін.
































































































Қытай демографиясы (алдағы уақытта)



 



Жыл



Халық саны



Кему



Орта­ша жас



Туу коэффи­циенті



Урбани­зация



 



Пайыз



Адам саны



2025



1,424,381,924



-0.01 %



-109,571



40.0



1.21



67.2 %



 



2030



1,415,605,906



-0.12 %



-1,755,204



42.7



1.27



71.9 %



 



2035



1,399,547,500



-0.23 %



-3,211,681



45.4



1.31



75.7 %



 



2040



1,377,556,938



-0.32 %



-4,398,112



48.0



1.34



78.7 %



 



2045



1,349,756,901



-0.41 %



-5,560,007



49.6



1.36



80.9 %



 



2050



1,312,636,325



-0.56 %



-7,424,115



50.7



1.39



83.2 %



 



Қытайдың материктік аумағындағы 31 провинция ішінде халық саны 100 миллион­нан асатын 2 провинция (кестеде қара түс­тегі), 50 миллионнан 100 миллионға дейінгі халқы бар 9 провинция (кестеде сұры түстегі) және 10 миллионнан 50 миллионға дейінгі халқы бар 17 провинция бар. Халық саны жағынан алдынғы орында тұратын 5 провин­цияда жалпы халықтың 35,09 пайызы тұра­ды. Ел аумағымен қарастырғанда шығыс, оңтүстік және орталық аймақтарда халық саны тығыз орналасқан. Батыс, солтүстік- батыс, солтүстік және солтүстік шығыс өңір­лерде салыстырмалы азырақ. Шығыс аймақ­та 563 717 119 адам (39,93%), орталық аймақта 364 694 362 адам (25,83%), батыс аймақта 382 852 295 адам (кейбір орталық- батыс провинциялар қамтылған, 27,12%); ал солтүстік-шығыс аймақтың үлесі 98 514 948 адамды (6,98%) құрайды.



ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҚИЫНШЫЛЫҚТАР


Қытай халық саны жағынан қазір де әлемнің екінші орнында. Әлі де жүз мил­лиондап саналатын еңбек күшіне ие. Бірақ олар демографиялық дағдарысқа неге алаң­дайды? Демографтар Қытай үкіметіне бірқа­тар қауіптерді атағаны бар. Айталық, демографиялық дивидендтің төмендеуі Қытайдың даму тұрақтылығына қауіп төндіреді. Бұның астарында әлеуметтік тұрақсыздыққа әке летін қауіптер бар. Сондықтан да жылдар бойы жалғасып келген және алдағы уақытта да жалғаса беретін өсудің төмендеуі сынды үрдісті тоқтатуға кеңес беруде.


Екінші үлкен мәселе – халықтың қартта­нуы. Халықтың орташа жасы тұрғысынан соңғы 10 жылда Қытай халқы тез қартаюдың бірінші кезеңінен өтті. 2020 жылы Қытайдың материктегі аумағында 60 жастан жоғары қарттар саны 264 миллионға жеткен. Бұл жалпы халықтың 18,7 пайызын құрайды. Ал қарттану процесіне кірген 2000 жылдармен салыстырғанда, 20 жыл ішінде егде жастағы халықтың үлесі 8,4 пайыз өскен. Соңғы он­жылдық, алдыңғы онжылдықпен салыстыр­ғанда қарқынды. Бұл үрдіс алдағы онжыл­дықта бір есе қарқынмен жүруі мүмкін. Сондықтан Қытай билігі үшін халықтың қарттануына қарсы әрекет ету ең басты мін­деттерінің бірі болып қалды. Тіпті, ұлттық конгресс жиындарында осы мәселе терең талқыға түсті. Себебі, қарқын баяулауы мүмкін, алайда процестің тоқтамайтыны анық байқалды. Үрдіс өз кезегінде жұмыспен қамту, ресурстық қордың жұмсалуы, техно­логиялық инновациялар, өндіріс пен қызмет мәселелерінде үлкен дағдарыстарды, күрделі қайшылықты тудырады. Соңында бұл ҚКП соңғы кезде белгілеген «Жоғары сапалы даму» стратегиясын күйретуі мүмкін. Мәсе­леге Қытай ғана тап болып отырған жоқ, бұл бір жағынан жаһандық тенденция.


Бұндай терең проблемаларға қарамастан, Қытай білім беру, жұмыспен қамту және ке­дейліктен құтқару, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жақтарында, сондай-ақ, бас­панамен қамту мәселелерінде соңғы он жыл­да көп алға ілгерілегені де байқалады. Мыса­лы, 2020 жылғы көрсеткіште, 100 адам ішінде 15,4 адам кемінде колледж бітірген, орташа жоғары білімге ие екені мәлім болды.


















































































































































































































Өңірлер бойынша халық саны



Өңірлер



Халық



Үлесі






2010          2020



Жалпы



1411778724



100.00



100.00



Пекин



21 893 095



1.55



1.46



Тяньцзинь



13 866 009



0.98



0.97



Хэбэй



74 610 235



5.28



5.36



Шаньси



34 915 616



2.47



2.67



Ішкі Моңғолия



24 049 155



1.70



1.84



Ляонин



42 591 407



3.02



3.27



Цзилинь



24 073 453



1.71



2.05



Хэйлунцзян



31 850 088



2.26



2.86



Шанхай



24 870 895



1.76



1.72



Цзянсу



84 748 016



6.00



5.87



Чжэцзян



64 567 588



4.57



4.06



Анхуй



61 027 171



4.32



4.44



Фуцзянь



41 540 086



2.94



2.75



Цзянси



45 188 635



3.20



3.33



Шаньдун



101527453



7.19



7.15



Хэнань



99 365 519



7.04



7.02



Хубэй



57 752 557



4.09



4.27



Хунан



66 444 864



4.71



4.90



Гуандун



126012510



8.93



7.79



Гуанси



50 126 804



3.55



3.44



Хайнань



10 081 232



0.71



0.65



Чонгук



32 054 159



2.27



2.15



Сычуань



83 674 866



5.93



6.00



Гуйчжоу



38 562 148



2.73



2.59



Юннан



47 209 277



3.34



3.43



Тибет



3 648 100



0.26



0.22



Шэньси



39 528 999



2.80



2.79



Гансу



25 019 831



1.77



1.91



Цинхай



5 923 957



0.42



0.42



Нинся



7 202 654



0.51



0.47



Шыңжаң



25 852 345



1.83



1.63





2010 жылы бұл көрсеткіш 100 адамнан 9 адам шамасында болған.


Сонымен қатар, Қытайдағы урбанизация қарқыны жоғары. 2050 жылға қарай халық­тың 83 пайыздан астамы қалада қоныстануы мүмкін деп болжануда. Бұның өзі Қытайда алдағы уақытта экологиялық, әлеуметтік-эко­номикалық мәселелердің жаңа түрлері пайда болатынын көрсетеді. Дамуға деген кейбір көмекші факторлармен бірге қиындықтарға тап келген Бейжің билігі мәселені реттеудің түрлі амалын қарастыру үстінде.


«Аlmaty-akshamу»,  №95, 10 тамыз, 2023 жыл

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32