ffin.kz

Қытай көлігін сатып алу: артықшылығы мен кемшілігі

Қытай көлігін сатып алу: артықшылығы мен кемшілігі Сурет: ашық дереккөз

Қазақстандықтардың қытайлық көліктерді сатып алу мүмкіндігіне қызығушылықтары артып келеді. Мұндай сатып алудың қажеті бар ма және қандай да бір қауіп бар ма - Tengri Life осы сұрақтарды қазақстандық үш автосарапшыға жолдаған еді.


 Қытай көліктері ел жолдарында


 Тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы Эдуард Эдоков қазірдің өзінде Қазақстанда қытайлық көліктерге сұраныс бар деп есептейді. Мысалы, Тен Сэм жақында аспан асты елінен электромобильге тапсырыс беруге шешім қабылдаған.



«Мен қытайлық электромобильге тапсырыс бердім, бірақ тағы үш айға жуық күтуім керек, себебі бұл мүлдем жаңа модель және олардың шығарылымы енді ғана басталды. Елімізде қытайлық көліктерге сұраныс бар деп айтуға болады. Менің ойымша, Қытай біздің нарыққа ерекше қызыға қарамайды. Өйткені ол жақта жылына миллиондаған көліктер сатылса, бізде бар болғаны он мың ғана. Соған қарамастан кейбір қытайлық брендтер біздің нарыққа кіріп, ресми өкілдіктерін ашады», - дейді Эдуард Эдоков.



 Артық болмас білгенің


 Эдуард Эдоков қытайлық электромобильді Алматы жолдарында жүргізуді жоспарлап отыр.  Мегаполисте электр көліктеріне азды-көпті жақсы қалыптасқан инфрақұрылым бар. Ал тас жолдарда, әсіресе Астанаға қарай да зарядтау мүмкін болмай отыр – сәйкес станциялар жоқ.



«Төтенше жағдайлар министрлігінің әлдеқашан ескірген талаптарына сәйкес электр көліктерін зарядтау станцияларын тұрақтарға орнатуға болмайды – бұл үлкен кемшілік. Қазіргі заманғы электромобильдерге арналған аккумуляторлар әртүрлі технологияларды қолдану арқылы және мүлдем басқа материалдардан жасалған. Тіпті, он жыл бұрынғыдан да, бірақ әзірге бұл жайттар ескерілмей келеді. Жалпы, электромобильдер экологиялық таза көлік. Ол – болашақ деп ойлаймын. Мүмкін, арнайы салық жеңілдіктері немесе басқа да мүмкіндіктер қаралса, мұндай көліктерді біздің жолдарда көбірек кездестіруге болар еді», - деді Эдуард Эдоков.



Астанадағы эвакуация қызметінің иесі Дәулет Жұмабаев Елорда жолдарында қытайлық көліктердің жүруі қазірдің өзінде жиі кездесетін құбылысқа айналды деп есептейді.



«Қытайдың автоөнеркәсібі дизайн жағынан да, жаңа брендтер мен модельдер саны жағынан да өте сәтті қадам жасады. Мен өзімнің байқағаным, көзге түсетін әрбір бесінші жаңа көлік осы елден шыққан. Сондықтан сұраныс бар екені сөзсіз», - деді ол.



 Дегенмен, жаңа көлік сатып алмас бұрын, алдымен жақсы және жаман жақтарын таразылап алған жөн, - деп толықтырды Дәулет Жұмабаев.


 Артықшылықтары


 Автоблогер Дияс Уәлихан Қытайдан көлік сатып алудың зиянынан гөрі пайдасы көп деп есептейді.


 Бағасы


 Басты артықшылығы – мұндай техникалардың бағасында, деп баса айтады Дияс Уәлихан.



 «Кәріс, жапондық және қытайлық көліктердің бағасы бірдей болғандықтан, сіз аспан асты елінен шыққан көліктің жоғары классты әрі  опциялары көбірек болатыны сөзсіз. Егер біз көліктің бір класын сипаттамаларына қарай алатын болсақ, онда қытайлықтардың құны айтарлықтай төмен болады. Мұндағы басты фактор – баға-сапа-сан арақатынасы. Бұл Қытайдан келетін көліктер үшін жақсырақ», - деді ол.



Эдуард Эдоков Қытайдан шыққан жаңа автокөлік әдетте бағасы жағынан еуропалық немесе корейлік әріптестерінен айтарлықтай төмен тұратынын атап көрсетеді.



«Сіз жаңа көлікті және еуропалық немесе корейлік брендтермен салыстырғанда өте қолайлы бағамен сатып алып жатырсыз», - деп қосты сарапшы.



 Автокөліктің техникалық жабдықталуы


 Қытайдан келетін көліктерде барлық қажетті техникалық құрал-жабдықтары бар және біз күткеннен де көп, - деп жалғастырды Дияс Уалихан.



«Тіпті, мысалы, жоғары жылдамдықты дисплейлер, дауыспен басқару, жылыту және қауіпсіздік жүйелерінің көптеген нұсқалары сияқты бөлшектер қазірдің өзінде орташа баға сегментіндегі көліктерде бар. Яғни, оларда адамға біршама жағдай жасалған деуге болады», - деді Дияс Уәлихан.


«Егер неміс, жапонның бір кластағы көліктерімен салыстыратын болсақ, қытайлықтардың функционалдығы әлдеқайда жоғары болады. Мысалы, Аспан асты елі көлігінде барлығы «электронды» тұрғыда жұмыс істейтін болады. Барлық басқа факторлар тең болған күнде, қытайлық автокөліктің бір артықшылғы байқалады», - деді Эдуард Эдоков.



Осы мәселе бойынша әріптестерінің пікіріне Дәулет Жұмабаевта қосылады.



«Жабдықдалуы жағынан алға озады. Кейде тіпті көш ілгерілеп кеткен. Бұл да сатып алушылардың назарын өзіне аударудың бірден-бір жолы», - деп қосты ол.



 Кепілдік



«Қытайлық компаниялар өз көліктеріне тамаша кепілдік береді. Олардың стандарты 5 жыл немесе 150 000 шақырым. Тіпті кейбіреулері 7 жыл немесе 200 000 шақырымдық кепілдік береді. Қытайлық брендтер қазір жаңадан нарыққа шығып, авто пайдаланушыларға ең қолайлысын ұсынуға тырысуда. Жапондық және корейлік компаниялар мұндай кепілдік бермейді», - деді Дияс Уәлихан.



 Модельдердің кең таңдауы



«Қытайда автомобил шығаратын зауыттар өте көп. Тек электромобил шағаратын зауытардың өзі 180-ге жуықтайды. Олар кез келген талғамға, түске және бюджетке сәйкес автомобильдер шығара алады. Қазіргі уақытта біздің нарық мұндай молшылықты сезіне қоймайды. Өйткені, олар үшін Қазақстан нарығы өте аз. Бірақ қытай көлігін қаласаңыз, кез келгенін әкеліп беруге тырысады», - деп жалғастырды Эдуард Эдоков.



Тартымды қаржы құралдары



«Дәстүрлі сатып алу нұсқаларынан бөлек - қолма-қол ақшаға сатып алу, несие - ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен бөліп төлеу бағдарламалары да бар. Мысалы, мен білетін бір компания бөліп төлеу, онда бірінші жылдық пайыздық мөлшерлемесі бар болғаны 0,01%-ға тең.  Сонан кейін несие сияқты шарттар. Егер сіз оны бір жылдың ішінде жауып үлгерсеңіз, бұл қосымша банктік несиесіз ең қолайлы нұсқа болып табылады», - деп жалғастырды Дияс Уәлихан.



Машиналарға қолжетімділік



«Қазақстан нарығындағы қазіргі жағдайға сүйене отырып, мен қытайлық көліктердің қолжетімді және кез келген уақыта сатып алуға болатынын білемін. Егерде көлік болмай қалған жағдайдың өзінде көп күтудің қажеті жоқ», - деді Дияс Уәлихан.


«Менің ойымша, жоғарыда аталған тармақтар біздің елде қытайлық көліктерге деген сұранысты арттырады, оның үстіне мұндай көліктер бірнеше жылдың ішінде нарықта өздеріне сенімділікті арттыратын болады», - деді Эдуард Эдоков.



Кемшіліктері


Автокөлік бөлшектері


Әрине, идеалды нұсқалардың болуы мүмкін емес дейді сарапшылар. Мұндай көліктер істен шыққан кезде қосалқы бөлшектерді табу қиынға соғады.



«Өкінішке орай, дилерлердің көбі қосалқы бөлшектермен жеткілікті деңгейде автобөлшектермен қамтамасыз етілмеуі мүмкін. Иә, жүріс бөлігінде мәселе туындай қоймас, бірақ, мысалы, есік немесе артқы терезе сияқты бөлшектермен – жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмейді. Өйткені бұлар күнделікті сұранысқа ие  емес», - деді Дияс Уәлихан.



 Дәулет Жұмабаев қытайлық көліктерге арналған бөлшектерді іздеуде мәселелер туындауы мүмкіні деген пікірмен келіседі.



«Бұған дейін менің тәжірибемде қытайлық зауыт бұл қосалқы бөлшек жоқ және болмайды деп мәлімдеген жағдайлар болды, өйткені машина бес жыл бұрын шығарылып, қазіргі кезде тоқтатылған. Бұл сатып алушылар үшін өте өкінішті, әрі көмектесе алмайтын жағдай. Мұндай кезде ауыстыру нұсқаларын іздеуге көп уақыт кетеді», - деп қосты ол.



Басқару тілі


Қытайдан өзіңіз көлік әкелсеңіз, көлікті басқару тілін бейімдеуге дайын болыңыз, дейді Тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы.



«Ресми дилерлер арқылы емес, өз бетінше әкелінетін көліктер орыстандырылмаған (қазақ тіліне бейімделмеген) және бәрі сәйкесінше қытай тілінде. Басқа тілге аударуды қазірдің өзінде үшінші тарап компаниялары - сіз жүргізіп жатырсыз. Мұны өз тәуекеліңізге байланысты жасаңыз. Бұл шешілетін сәт, бірақ бұл уақыт пен қосымша ақшаны босқа кетіру», - деп жалғастырды Эдуард Эдоков.



Сервистік қызметтің болмауы



«Әзірге біздің елде ресми автодилерлер жеткіліксіз. Іс жүзінде электромобильдер мүлдем жоқ. Яғни техникалық қызмет көрсету, кепілдіктер туралы сұрақтар көп туындауы мүмкін», - деп есептейді Эдуард Эдоков.



 Көлікті қайта сату


Көлікті қайта сату кезінде қиындықтарға дайын болыңыз, дейді Д.Уәлихан. Өйткені көптеген адамдар қытайлық көліктерге әлі де күмәнмен қарайды. Бағаның төмендеуін күтуге тура келуі мүмкін.



«Әдетте, аз танымал брендтер әлеуетті сатып алушылардың сенімін азайтады. Сондықтан, олар әлі де жапондық және корейлік бәсекелестеріне қарағанда бағасы жағынан арзанырқ болады. Яғни, бір класстағы көліктерді қайта сатқанда, Оңтүстік Корея немесе Жапония сияқты басқа елдердің импорттық көліктерімен бірдей сомада бағаламауыңыз керек», - деді Дияс Уәлихан.


 «Уақыт өте келе көлік қайталама нарықтағы бағасын немесе өтімділігін жоғалтуы және салоннан көлікті бірінші сатып алған иесі оның жалғыз иесі болуы мүмкін», - деді Дәулет Жұмабаев.


«Басқа компаниялармен салыстырғанда көптеген қытайлық брендтер көп уақытқа шыдас бермейді. Шартты түрде 100-ге қарсы 20-30 жыл. Бұл жерде де белгілі бір тармақтар мен тәуекелдер бар. Бірақ Қытайдың автоөнеркәсібі өте тез дамып жатыр – тіпті соңғы бес жыл бұрынғымен салыстыруға келмейді. Компаниялар сапа, функционалдығы жағынан қалай өскенін көруге болады», - деді Эдуард Эдоков.



Э.Эдоков барлық жақсы және жаман жақтарын таразылай келе, Қытайдан электромобильге тапсырыс беру туралы шешім қабылдағанын жеткізді.



«Бес жыл бұрын мен қытайлық автокөлік өнеркәсібіне күмәнмен қарадым, бірақ қазір ілгерілеушілікті көріп тұрмын. Сондықтан ақша үнемдеу жағына мән бере бастадым. Қазір екінің-бірінің 50-60 мың доллар (шамамен 22 422 000 - 26 907 000 теңге) тұратын көліктерге қолы жете бермейді. Ал қытайдың сол класстағы көліктері 20-30 мың доллар (шамамен 8 969 000 - 13 453 000 теңге) тұрады. Иә, көліктің жүру бөлшектері немістің қарапайым көліктерімен салыстыруға келмейтін шығар. Дегенмен қарапайым тұтынушы үшін бұл жеткілікті. Ал лдағы уақытта дилерлер лайықты сервистік қолдау көрсетіп, сапалы сервистік қызмет көрсетуді қолға алса, бұл тамаша бюджеттік шешім болады», - деп түйіндеді Э. Эдоков.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43