Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қырғызстанның үкіметтік делегациясы Алматының әлеу...

Қырғызстанның үкіметтік делегациясы Алматының әлеуметтік бағыттағы тәжірибесімен танысты

Барлығы 27.11.2025, 22:16 410
Қырғызстанның үкіметтік делегациясы Алматының әлеуметтік бағыттағы тәжірибесімен танысты
сурет: Самат Құсайынов

Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Эдиль Байсалов Алматыға мегаполисте жүзеге асырылып жатқан ұлттық жобалармен танысу үшін жұмыс сапарымен келді. 

Ең алдымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған №214 мектепте болды. Қазақстанның Оқу-ағарту вице-министрі Майра Мелдебекова Алматыда 34800 орындық 21 жайлы мектеп салынып жатқанын, оның ішінде сегіз нысанның құрылысы аяқталғанын айтты.

Бұл жоба ауданы шамамен 14,6 мың шаршы метрді құрайтын кең және заманауи ғимараттар салуды көздейді және типтік мектептердің стандартты параметрлерінен 20% асып түседі. Ғимараттардың архитектурасы жан-жақты ойластырылған: корпустар әр түрлі жастағы оқушылар үшін ыңғайлы және қауіпсіз орта құруға мүмкіндік беретін білім деңгейлері бойынша бөлінген.

Сондай-ақ, Қырғызстаннан келген делегация Алатау ауданында орналасқан Ұлттық ғылыми жұқпалы аурулар орталығына барды. Аумағы 12 гектарды алып жатқан ғимарат 350 орынға есептелген. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова аталған орталық пациенттерді оқшаулаудың инновациялық әдісі қолданылатынын, атап айтсақ, қысым градиентін бақылайтын мамандандырылған жартылай боксты-палаталар жабдықталғанын атап өтті.

Делегация Әуезов ауданының комьюнити-орталығында да болды. Меймандарға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов мәдениет және білім саласында жүзеге асырылып жатқан тың жобалар туралы айтып берді. Қырғыз делегациясы қазақстандық жастар үшін жасалып жатқан заманауи қадамдарға үлкен бағасын берді.

– Біз бүгін мектепте болдық, ауруханаға бардық. Жастарға арналған орталықтың да тыныс-тіршілігімен таныстық. Ашығын айтқанда, сіздерде медицина, білім және әлеуметтік сала өте жоғары деңгейде дамыған. Қазақстаннан келген әріптестермен біз халықаралық форумдар мен конференцияларда жиі жүздесеміз. Әркез пікір алмасып отырамыз. Біз Еуропа, Орталық Азия, АҚШ және Африка тәжірибесін зерттеуге тырысамыз. Өткен жылы Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Қырғызстанға келді. Сол жүздесуде кері байланыс орнату туралы сұрадық. Біздің елге іргелес жатқан мегаполис – Алматы, сондықтан осы қаланы таңдадық. Мұнда жүзеге асырылып жатқан жобаларды зерделеу біз үшін маңызды. Екі бауырлас халықтың достығы берік. Көптеген ортақ идеямыз бар. Қазақстан қазір белсенді дамып келеді, әрдайым алға жылжуда. Ал Қырғызстан сол көштен қалмауға ұмтылып келеді, – деді Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Эдиль Байсалов.

Делегация Әлеуметтік қызметтер үйінің жұмысына да қызығушылық танытты. Бұл – алматылықтарға «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік және әлеуметтік сипаттағы қызметтерді жедел алуға мүмкіндік беретін бірегей жоба. 

Қырғыз елінен келген әріптестер Сәтбаев университетінде де болып, қазақстандық жоғары оқу орындары базасында ашылған шетелдік филиалдардың жұмысы, инфрақұрылымы, ғылымы және Қазақстанның алғашқы техникалық университетінің ғылыми жобаларымен танысты. Меймандар университеттің негізгі ғылыми және білім беру бөлімшелерін аралап, Stroytech технологиялық паркі, Халықаралық озық функционалдық материалдар және олардың композиттері жөніндегі R&D орталығы, Porsche және Astana Motors аудиторияларында болды. Әсіресе City University of Hong Kong филиалы мен MIT FabLab өндірістік зертханасына баса назар аударылды.

Бұл сапар Қазақстан мен Қырғызстан елдері арасында білім, ғылым, денсаулық және әлеуметтік салалардағы инновация бойынша ынтымақтастықты нығайтуда тағы бір маңызды қадам болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#делегация #қырғызстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы сенбілік: көп жұмылған істе береке бар

Бүгін 11:31

Ақыл сайысы: Алматыдағы Республикалық дебаттық турнир қалай өтті

Бүгін 10:06

Қазгидромет 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

Бүгін 09:01

Алматылық спортшылар әлем чемпионатын екі қола медальмен қорытындылады

Кеше 20:47

Алматыда ауа сапасын жақсарту бойынша жаңа шаралар: көмірді пайдалану мен құрылыс қалдықтарын реттеу

Кеше 20:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика