Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қылмыстық әрекеті сотта дәлелденген қаржы пирамида...

Қылмыстық әрекеті сотта дәлелденген қаржы пирамидаларына қайта қаражат тарту жиілеген

Заң мен тəртіп 05.12.2022, 10:48 1,175
Қылмыстық әрекеті сотта дәлелденген қаржы пирамидаларына қайта қаражат тарту жиілеген
Сурет: Tengrinews.kz

Оларды бұрынғы жалған инвестициялық қызметтің ойдан шығарылған тұрақтылығын көрсетіп, танымал атауларды, ақша тартудың бірдей әдістерін қолданатын арам пиғылды адамдар ашады.


Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі «LV Force», «World Business Consulting», «The Finico», «Caspian Crocus», «B2B Jewelry», «ПК Елімай-2019», «Мебельный проект Нур», «Лидер», «Лидер капитал-168», «Нарымбетова», «Hermes -LTD» және т.б. сияқты қаржылық пирамидалардың қызметіне тосқауыл қойған болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Олар қарапайым мессенджерлерден бастап білім беру курстары мен жылжымайтын мүлік сатып алуға дейін әртүрлі қызмет түрлерін ұсынып, азаматтардан ақша алудың қылмыстық схемаларын жүзеге асырды. Компаниялар қаржы пирамидасы болып, халық жинаған қаражатынан айырылып жатқанына қарамастан, кейбір азаматтар қылмыскерлердің жарнамалық науқандарына ілініп, ақша салуды жалғастыруда», -  делінген ҚМА хабарламасында.



Осыған байланысты Қаржылық мониторинг агенттігі профилактикалық жұмыстарға баса назар аударып, оқушылар мен студенттер арасында қаржылық қауіпсіздік және сауат ашу сабақтарын өткізіп, қаржылық пирамида белгілері бар сайттар мен аккаунттарды анықтау үшін заманауи технологияларды қолдануда.


Агенттік азаматтарды қырағы болуға, жинақтарын күмәнді қаржылық компанияларға салмауға шақырды. Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігіне дереу хабарлаңыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қаржы пирамидасы #қаражат тарту #қылмыстық әрекет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңының қатысушылары жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 18:32

Өнер өкілдері жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді

Бүгін 18:29

Алматы депутаттары нақтыланған бюджетті қолдады

Бүгін 17:45

Антиқоғамдық әрекеттер жасалған: Алматыда түнгі клуб жабылды

Бүгін 17:42

Өмірді жинақтаушы сақтандыру: ол қалай жұмыс істейді және не үшін қажет?

Бүгін 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.