AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Медеу ауданында электр желілеріндегі апа...

Алматының Медеу ауданында электр желілеріндегі апаттық жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Алматы Бүгін 11:50 47
Алматының Медеу ауданында электр желілеріндегі апаттық жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі

31 қазан мен 7 қараша аралығында Алматының Медеу ауданында №2353 жоғары кернеулі 220 кВ электр кабель желісінде жүргізілетін апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ өкілдері хабарлады.

Шектеулер Ұлар көшесінен Ладушкин көшесімен қиылысқа дейінгі жол бөлігін қамтиды. Жөндеу жұмыстары Ладушкин көшесіндегі №125 үйдің маңында жүргізіледі. Аталған аумақта жол бойының астында орналасқан электр кабелі зақымданған.

Компанияның мәліметінше, бұл желі «Ерменсай» және «Бесағаш» қосалқы станцияларын байланыстыратын Алматының айналмалы электрмен жабдықтау жүйесіне кіреді. Кабельдің зақымдануына байланысты желі уақытша тұйықталмаған схема бойынша жұмыс істеп тұр. Бұл энергия жүйесінің басқа элементтеріне түсетін жүктемені арттырады.

Ақауды жою үшін мамандар жол жабыны мен бетон науаны ашып, кабельдің зақымданған бөлігіне қол жеткізуі қажет. Одан кейін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, желіні қайта іске қосар алдында тиісті сынақтар өткізіледі.

Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін жол жабыны толық қалпына келтіріледі.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлау кезінде уақытша шектеуді ескеруді сұрайды.

Компания өкілдерінің айтуынша, жөндеу жұмыстары Алматы қаласы мен Алматы агломерациясын электрмен жабдықтау жүйесінің қалыпты жұмыс тәртібін қалпына келтіру үшін қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#электр желілері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылау маңызды екенін айтты

Бүгін 11:48

Қазақстан азық-түлік шығындары ең жоғары елдердің ондығына кірді

Бүгін 11:17

Алматыда ішкі аурулар медицинасы мамандарының конгресі өтті

Бүгін 11:13

31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:07

Баспана, әлеуметтік қолдау және көлік: Алматы әкімінің қабылдауында тұрғындар қандай жайттарды көтерді

Кеше 20:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);