AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қол...

ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді 

Әлем Бүгін 14:24 56
ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді 

Тедрос Аданом Гебрейесус 77 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеру және алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту жөніндегі шешімді атап өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус Қазақстанның денсаулық сақтау мен халықтың әл-ауқатына бағытталған жұмысына жоғары баға берді. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

ДДСҰ басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 77 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеру жөніндегі бастамасын атап өтті. Оның айтуынша, алғашқы медициналық-санитариялық көмекке инвестиция салу, жалпы практика дәрігерлерінің мүмкіндіктерін кеңейту және медицина кадрларын қолдау медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

Тедрос Аданом Гебрейесус Қазақстанның «Баршаға арналған денсаулық» жаһандық тұжырымдамасын қалыптастырудағы рөлін де еске салды. Осыдан жарты ғасырға жуық уақыт бұрын бұл идея Алматы декларациясында көрініс тапқан.

Осыдан 50 жылға жуық уақыт бұрын Қазақстан Алматы декларациясы арқылы «Баршаға арналған денсаулық» жаһандық тұжырымдамасын қалыптастыруға үлес қосты. 2028 жылы осы құжаттың қабылданғанына 50 жыл толуына орай, Қазақстан аталған идеяны нақты іске асырудың маңызды үлгісін көрсетуді жалғастырып келеді. Денсаулық сақтау саласындағы саяси қолдаудың маңызы зор. Үлгі көрсетіп отырғаны үшін Қазақстанға алғыс айтамын! - деді Гебрейесус.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ДДСҰ басшысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық құндылықтар – адами капиталды дамытудың негізі

Бүгін 14:44

Алматы қолөнер өнерінің орталығына айналды: қалада ұлттық дәстүр мен шығармашылық жәрмеңкесі ашылды

Бүгін 14:39

Алматының Медеу ауданында электр желілеріндегі апаттық жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 11:50

Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылау маңызды екенін айтты

Бүгін 11:48

Қазақстан азық-түлік шығындары ең жоғары елдердің ондығына кірді

Бүгін 11:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);