AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Қуыршақ театрында «Орман ғажайыптары» қойылымның п...

Қуыршақ театрында «Орман ғажайыптары» қойылымның премьерасы өтті

Мәдени Алматы 30.04.2025, 12:46 690 Досбол АТАЖАН
Қуыршақ театрында «Орман ғажайыптары» қойылымның премьерасы өтті
aqshamnews.kz

Театр ұжымы Ұлттық кітап күні қарсаңында алматылық көрермен назарына «Орман ғажайыптары» ертегісінің премьерасын ұсынды. Қойылым әлемге әйгілі неміс жазушысы Отфрид Пройслердің балалар әдебиетінің жауһары саналатын «Кішкентай сиқыршы» повесінің желісімен сахналанды.

Балалар әдебиетінің алтын қорынан орын алған бұл шығарма – жақсылық пен зұлымдық, батылдық пен мейірім, адалдық пен ізгілік тақырыптарын қозғайтын ойлы туынды. Спектакльдің режиссері – еліміздегі қуыршақ театр режиссурасының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген, ерекше дарынымен танылған талантты өнер иесі Антон Зайцев.

 – Бұл – қалыптасқан архетиптерді жеңіп, саналы түрде жақсылықты таңдаған кішкентай қыз жайлы оқиға. Бүкіл әлем сені жамандыққа итермелейді, ал сен болсаң, кішкентай ғана адам бола тұра, жақсылықты таңдайсың. Балаға осыны айтып, оған тіпті өзі де надандыққа, әділетсіз көрінетін дүниелерге қарсы тұра алатынын, сонымен қатар мейірімді болып, жақсы істер жасай алатынын көрсету – мен үшін шын мәнінде үлкен іс, – дейді Антон Зайцев.

Спектакльдің сахналық суретшісі – Ақтөбе облыстық қуыршақ театрының директоры, Қазақстанның мәдениет қайраткері, халықаралық және республикалық қуыршақ театрлары фестивальдерінің бірнеше мәрте «Үздік суретші» номинациясы бойынша жеңімпазы Әсия Құрманалина болды. Жаңа қойылымда 20-ға жуық түрлі қуыршақ түрі қолданылды. Ал сахна кеңістігі құпияға толы кітапхана атмосферасын бейнелейтін қою әрі терең реңктермен көмкерілді.

- Ұлттық кітап күні – рухани байлыққа бас иетін, әдебиеттің құдіретін дәріптейтін ерекше күн. Мемлекеттік қуыршақ театры бұл мерекені кітап пен театр арасындағы алтын көпірді жалғау арқылы атап өтуді жөн көрді. Қойылым барысын тамашалай отырып, көрермен тек ертегі әлеміне сапар шекпейді – ол кітаптың шынайы құндылығын, парақ арасындағы ғажайып өмірді сезінеді. Қойылымның түпкі мақсаты – жас көрерменге кітаптың сиқырлы күшін сезіндіру, оларды оқуға баулу. Бұл – өте маңызды тәрбие. Өйткені, қазіргі сандық заманда кітаптың рухани маңызын бала бойына сіңіру оңай шаруа емес, – деді Мемлекеттік қуыршақ театрының директоры Алмат Амангелді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Кішкентай сиқыршы #ертегі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жексенбіде Қазақстанның үш қаласында ауа райы қандай?

Бүгін 11:49

Қазақстандық спортшы әлем кубогының суперфиналында тұғырға көтерілді

Бүгін 11:15

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Кеше 18:20

Алматыда Орталық Азиядағы ең биік таулы падел алаңы ашылды

Кеше 18:02

Алматыда заңсыз салынған «Береке» базары сүрілді

Кеше 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);